Түркі Республикаларының күн тәртібіндегі оқиғалар
Еуразия күн тәртібі – 41-2023

Бүгінгі бағдарламамызда Түркі Республикаларының күн тәртібіндегі оқиғаларға тоқталамыз.
2023 жылы 29 мамырда Халықаралық Түрік академиясы тарапынан Астана қаласында Түркі әлемінің ортақ әліпбиі жөніндегі бірінші отырысы өтті. Төрт отырыстан құралған жиналысқа Түркі Республикалары ұйымдарының басшылары мен мамандар қатысты.
2023 жылғы 30 мамырда Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевты Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурелсух қабылдады. Кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеру жайы сөз болды. Сапар соңында министр Кулубаев шілде айында Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Моңғолияға баратынын, Ұланбатырда Қырғызстан елшілігі ашылатынын мәлімдеді.
2023 жылғы 30-31 мамырда Түрікменстан Халық Мәслихатының төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхамедов Иран Ислам Республикасына жұмыс сапарымен барды. Халық Мәслихатының төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхамедов президент Ибрахим Реиси, діни көшбасшы Әли Хаменеи, Парламент төрағасы Мұхаммед Багер Галибафпен жеке-жеке кездесулер өткізді. Келіссөздер нәтижесінде екі ел арасында 5 келісімге қол қойылды. Президент Ибрахим Реиси мен Халық Мәслихатының төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхамедов бірлескен мәлімдемеге қол қойды.
2023 жыл 31 мамыр мен 8 маусым аралығында Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Хельга Мария Шмид Түрікменстан, Қырғызстан және Қазақстан Республикаларында сапармен жүр. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Шмид Түрікменстанда президент, Халық Мәслихатының төрағасы, Мәжіліс төрағасы, Сыртқы істер министрінің орынбасарымен және сот басшысымен кездесулер өткізді. Хельга Мария Шмид Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының Түрікменстандағы жаңа кеңсесін де ашты. Хельга Мария Шмид өткен жылы Өзбекстан мен Тәжікстанға сапармен барған болатын.
2023 жылдың 1 маусымында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Оңтүстік Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Джинді қабылдады. Кездесу барысында Өзбекстан-Оңтүстік Корея қарым-қатынастарына қатысты түрлі мәселелер талқыланды.
2023 жылдың 2 маусымында Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия мен Еуропа Одағының 2-ші саммиті өтті. Саммитке Еуроодақ төрағасы, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан президенттері, Түркіменстан премьер-министрінің орынбасары қатысты. Саммит соңында бірлескен баспасөз мәлімдемесі жасалды. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 18-19 мамырда Алматыда Орталық Азия-Еуропа Одағының 2-ші экономикалық форумы өткен болатын.
Қырғызстанға сапары аясында Еуропа Одағының төрағасы Шарль Жан Мишель ресми байланыстар жасады. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Еуроодақ төрағасы Мишель екіжақты қарым-қатынастар мен аймақтық мәселелерді талқылады.
2023 жылғы 3 маусымда Түркия Республикасының Президенті болып қайта сайланған Режеп Тайып Ердоғанның ант беру рәсіміне Түркі Республикаларының президенттері мен Венгрия премьер-министрі қатысты. Армения премьер-министрі Никол Пашинянның ант беру рәсіміне қатысуы алдағы кезеңде Оңтүстік Кавказдың дамуы үшін оң өзгерістер болатынын көрсетеді.