Ясон мүйісі мен алтын тері аңызы
Капитанның борт журналы - 12

Ясон мүйісі мен алтын тері аңызы
Бүгін аспанда бұлт бар. Ауа күңгүрт, теңіздің түсі де қарайып кетті. Жел жоқ, бірақ бұл ауа райы дауылдың хабаршысы. Ал кеше қандай жарқырап тұр еді күн. Қаратеңіз, міне осындай тосын сыйларға толы. Көбіне алдын ала болжауға болмайды ауаның райын. Ежелгі дәуірде де Қаратеңіз әрдайым тұманды, дауылы көп, толқыны тебіреніп тұратын. Оның үстіне тосын дауыл тұрған кезде паналайтын арал мен порттары жоқ. Кеме жасау техникасы да жоғары болмағандықтан эллин теңізшілері көп уақыт бойы Қаратеңізде жүзуге батылдық таба алмады. Оларды Қаратеңізге бағыттаған бір аңыз болатын. Бүгін бағдарламамызда «Алтын тері» аңызы туған жерге қарай жылжимыз. «Жиһангездің» жолаушыларымен бірге Ордуның Ясон мүйісіне барамыз. Уайымдамаңыз, ауа райы тынышталғанда шығамыз жолға. Ол кезге дейін «алтын тері» аңызын тыңдалық.
Эллиндер ежелгі дәуірде Эгей және Жерорта теңізінің жағалауындағы көптеген қалада отар ел құрады. Қаратеңіздің оңтүстігі, яғни Анадолының солтүстігінде де ел құрғысы келеді. Себебі осы аймақ климат, табиғи сұлулықтары және кендері тұрғысынан бай. Сондықтан эллиндердің тәбетін ашады. Құлақтан құлаққа тараған бір аңызға қарағанда, Қаратеңіздегі өзендерден алтын ағып жатыр! Айырықша күш пен байлықтың символы «Алтын тері» де осы аймақтағы Колхида өңірінде. Осы екі аңыз Жерорта теңізінің тәжірибелі және батыл теңізшілерін өзіне тартады.
Ханзада Ясон әкесін өлтірген немере ағасынан патшалығын кері қайтарып алғысы келеді. Осыны істеудің жалғыз жолы - Ясонның алыстағы алтын теріге қол жеткізуі. Осы тері арқылы әрі байлық, әрі билікке ие болады. Қаратеңіздің тентек және үлкен толқындарына қарсы төтеп беру үшін сиқырлы емен ағашынан бір кеме салынады, ол кеме «Арго» деп аталады. «Аргомен» теңізге жолға шығатын Ясон жинаған батыл теңізшілер де аргонавт деп аталады. Осы теңізшілер арасында күш құдайы Геракл де бар. Ясонның басшылығында аргонавттар жолға шығады. Аңыздың жалғасында Ясон от шашқан бұқалар, айдаһарлар, қанаттарын оқ қылып ұшыратын құстармен шайқасады және «алтын теріге» ие болады.
Колхида деп аталған өңір темір, күміс және алтын кендеріне бай. Өңір халқы таудан аққан өзендермен келген алтын түйірлерін қойдың терісін қолдану арқылы жинайды. Себебі алтын түйірлері терінің жүніне жабысады. Осылайша жинау жеңілдейді. Міне, ежелгі дәуірдің алдынғы қатарлы географы Страбон «алтын тері» аңызын осылай түсіндіреді. Яғни Страбон мифологиялық және аңыз элементтерімен асыра сілтенсе де, «алтын терінің» шын болуы мүмкін екенін айтады. Осы көзқарас қазірге археологтар тарапынан да қолдау көрді. Эллиндердің Қаратеңізге шын сауда жорықтары деп қаралады.
Осы жорықтар барысында аргонавттар «алтын теріні» іздеу үшін көптеген жерде құрлыққа шығады. Бүгін біз баратын Ясон мүйісі де осы жерлердің бірі. Ауа жақсарды, Орду қаласының Ясон мүйісіне қарай жолға шығамыз. Мүйістің аты капитан Ясоннан келеді деп айтылады. Ясон мүйісі табиғи көркемдігі, аңызы және археологиялық құндылықтарымен назар аударады. Бүгін қорғауға алынған бір аймақ. Жағалауға жақындағанда көрінетін мына ғимараттар - теңіз маягы мен Ясон шіркеуі. Теңіз маягы Ясон мүйісінің теңізбен қосылған жерінде. Қайығымыздан түспей тұрып осы керемет жерді суретке түсіріп алыңыз. Себебі бұл жер теңізден өте ерекше көрінеді. Қайықтан түселік және жағаға шығайық енді. Күн баспастан жағажайды жақыннан көріңіз. Иә, таңғалдыңыз ба? Жағажай құм немесе майда тастан емес, теңіз қабыршақтарынан тұрады. Себебі Қаратеңіздің тентек толқындары теңіз маягы тұрған жаңаға миллиондаған теңіз қабыршағын әкеліп соғады. Әрқайсысы табиғи сұлулықты білдіретін осы қабыршақтардан алыстаймыз. Енді жағадағы басқа бір ғимаратқа барайық. Өңірде өмір сүретін понти және грузиндер тарапынан салғызылған Ясон шіркеуі өте қарапайым. Кеспе тастан салынған шіркеудің ішінде әшекей немесе қабырға суреті жоқ.
Қызғылт-сары, қызыл-сары және қызыл түстер аспанды қаптаған кезде күн теңізге батып кетті. Қаншалықты керемет көрініс. Солай емес пе? Ясон мүйісінде күн теңіздің ішінен атып, теңіздің ішіне батады. Сондықтан өңір халқы осы аймақты «күн жүзетін жер» деп атайды. Басқа керемет көріністерде кездескенше сау болыңыз. Жолға шығатын уақыт келіп жетті.