«Ерзурум шақпақ қанты»

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 40-2023

1996785
«Ерзурум шақпақ қанты»

«Ерзурум шақпақ қанты»

Тіркелу уақыты:  25.05.2022

Түркияның Шығыс Анадолы аймағына орналасқан Ерзурум қаласы ерекше бір қант түріне атын берген. Ерзурум Сауда биржасының өтініші бойынша 2022 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына қосылған «Ерзурум шақпақ қанты» өңірдегі шайшыл қауымның бас тартпайтын шай тәттісі. Кытлама (тістеп жейтін қант) деп аталған қанттың шикізаты қант қызылшасынан өндірілген ақ қант. Ақ қантты үгіту машинасында ұсақталған соң су қосып араластырады. Сумен еріген қант қалыпқа салынады. Белгілі бір мөлшердегі жез қалыптарынан тұратын машинаға салып, қант кесектерін өте жоғары қысыммен басу арқылы пішіндейді. Ұзындығы 25 сантиметр мөлшеріндегі бұл бөліктер пеште 250 градуста 3 сағат бойы пісіріледі.

Өндіріс кезеңінен кейін «Ерзурум шақпақ қанты» ашық контейнерлерге салынып, 1 апта тындыру үшін сақталады. Лайықты шарт-жағдайларда сақталса, тұтыну мерзімі 2 жылға созылады. «Ерзурум шақпақ қанты» тұтынуға дайындалған кезде қант қайшымен 3-5 сантиметр ұзындықта кесіледі. «Ерзурум шақпақ қанты» деп аталатын қантты шай ішер алдында кішкене бөлігін тістеп ауызға алатындықтан «кытлама», яғни тістеп жейтін қант деп атаған. Қантты қақпағы бар шыны ыдыстарға салып, ылғалдан ұзақ ұстау керек.



Ұқсас жаңалықтар