«Балыкесир Маняс бас ірімшігі»

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 39-2023

1993674
«Балыкесир Маняс бас ірімшігі»

«Балыкесир Маняс бас ірімшігі»

Тіркелу уақыты:  16.12.2020

Түркияның Мармара аймағына орналасқан және жүздеген құс түріне үй иесі болған көлімен табиғатты ұнатушылар жиі келетін Маняс ауданы жергілікті ерекшелікке ие «Балыкесир Маняс бас ірімшігімен» танымал. «Балыкесир Маняс бас ірімшігі» Маняс аудандық әкімшілігінің өтініші бойынша 2020 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енді.

«Балыкесир Маняс бас ірімшігі» 2-3 миллиметр ұзын қабығы, ашық сары және ақ түсті, саңылаусыз, кеуекті құрылымды, дәмі тұзды және ерекше хош иісі бар ірімшік түрі. Ірімшік 250 жылдың алдында аймаққа келіп қоныстанған Албания текті көшпенділерден қалған. «Маняс бас ірімшігі» Балыкесир аймағында өсетін сиыр мен қойдың сүтін араластырып жасалады. Ірімшік жасау үшін сүзілген шикі сүт қазанда пісіріліп, зиянды заттары тазаланады. Сүт артынан ашыту дәрежесі бойынша суытылады. Ашытуда сүттің ұюы өте маңызды. Осы барыста шердан ашытқысы ретінде белгілі ірімшік ашытқысы қолданылады. Ұйыған сүт күріш дәнінің мөлшеріне жеткенше араластырылғаннан кейін қайнатылады. Қайнаған ірімшік бөлшектерінің суы сығылып, ірімшік қалыптарына салынады, осылайша төрт бұрыш бейнесіндегі «Маняс бас ірімшігі» дайын болады. Кішкене бөлшектерге бөлініп, 21 күн демделген ірімшік өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуы үшін 120 күн бойынша тұзды ерітіндіде пісіп, тұтынуға ұсынылады. 

 


 



Ұқсас жаңалықтар