Стамбул жеңісі
Османлы армиясы 1453 жылы 29 мамыр күні Стамбулды жеңіп алды.
1425490

Османлы мемлекетінің негізгі күшеюі мен өсу процесі Византияны жеңген соң басталды. Әрі Анатолыда, әрі Ұрым еліндегі (Румели) жеңістерімен Византия тек қана қала мемлекетіне айналды.
1453 жылға келгенде Османлы падишасы Сұлтан Мехмет Хан Стамбулдың бақылауының Византияның қолында болуын Османлы мемлекеті үшін қауіпті екенін байқап, үлкен бір армиямен Стамбулды қоршауға алды. Қоршаудың ұзақ уақытқа созылуы Османлы армиясының технологиясы мен артиллерия саймандарын жетілдіріп, 1453 жылы 29 мамыр күні Стамбулды жеңіп алуының жолын ашты. Стамбул Османлылардың бас қаласы болды.
Ортағысырлық кезең аяқталып, жаңа ғасырды бастаған Стамбул жеңісі әлем тарихына терең із қалдырып, батыста реформа мен қайта өрлеу қозғалысына ықпал етті.