Қытай-Орталық Азия саммиті өтті

Еуразия күн тәртібі – 39-2023

1990792
Қытай-Орталық Азия саммиті өтті

Бүгінгі бағдарламамызда Еуразия Республикаларының күн тәртібіндегі оқиғаларға тоқталамыз.

2023 жылы 18-19 мамыр арасында Еуразия елдерінде маңызды халықаралық іс-шаралар өтті.

Енді осы жағдайларға қысқаша тоқталайық.

Өткен апта Орталық Азия елдерінің күн тәртібіндегі ең басты оқиға Қытайда ұйымдастырылған Қытай-Орталық Азия саммиті болды. 2023 жылы 18-19 мамыр арасында Қытай Халық Республикасының Шиан қаласында 1-ші Қытай-Орталық Азия саммиті өткізілді. Саммитте сөз сөйлеген Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Орталық Азия Республикаларымен ынтымақтастықты нығайту үшін 3.72 миллиард долларлық бағыш бөлетіндерін мәлімдеді. Саммит соңында 8 келісімге қол қойылды. Келесі саммиттің 2025 жылы Қазақстанда өтуіне шешім жасалды.

Түрікменстаннан басқа Орталық Азия Республикалары президенттерінің Қытайға сапары мемлекеттік сапар ретінде жарияланды. Екі жақтылы кездесулерден кейін Қазақстан мен Қытай арасында 23, Қырғызстан мен Қытай арасында 26, Өзбекстан мен Қытай арасында 41, Тәжікстан мен Қытай арасында 25 келісімге қол қойылды. Қазақстан мен Қытай үкіметтері 30 күн өзара визасыз кіру құқығын беретін келісімді мақұлдады. 19 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шиан қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ғимаратының беташар рәсіміне қатысты.

Орталық Азия Республикаларының әлемдегі көптеген елмен 5+1 платформасы бар. Алайда мұның ішінде Қытаймен жасалған 5+1 механизмі тіпті әсерлі болмақ. Шиандағы саммит осыны көрсетті.

Орталық Азия-Қытай саммиті өткен кезде Қазақстанның Алматы қаласында Орталық Азия-Еуропа Одағы 2-ші Экономикалық форумы ұйымдастырылды. Форумға аймақ елдерінің премьер-министрлері мен Еуропа Одағы комиссиясы төрағасының орынбасары, Еуропа қайта құру және даму банкінің төрағасы, Еуропалық Инвестициялық банктің төрағасы, Венгрияның Сыртқы істер және сауда министрі, Латвияның Көлік министрі қатысты.

2023 жылы 18-19 мамырда Татарстанның астанасы Қазан қаласында «14-ші Ресей-Ислам әлемі: Қазан 2023» форумы өткізілді. Форумға 80 елден 16 мыңнан астам өкіл қатысты. Форум аясында 200-ден астам іс-шара өтті. Ресейдің Ислам әлемімен қарым-қатынастары аталмыш форум нәтижесінде дамуда.

2023 жылы 14 мамырда Гагауз Автономиялық аймағында өткен президенттік бәсекенің екінші турында Евгения Гуцул жеңіске жетті. Шор партиясының үміткері Евгения Гуцул сайлауда 54.56 пайыздық дауыс алды. Гуцул 4 жыл бойынша президент болады. Молдавияда қақтығыстар жалғасып жатыр.

2023 жылы 16 мамырда Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінде Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына орай арнайы отырыс өткізілді. Отырысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Алжир, Оңтүстік Африка Республикасы, Грузия, Мысыр, Сербия, Тәжікстан және Иордания Мәжіліс төрағалары, Түрікпа сияқты халықаралық ұйымдардың бас хатшылары қатысты және баяндама жасады. Арнайы отырысқа 228 өкіл қатысты. Отырыс үшін Бакуге барған қонақтарды президент Ильхам Әлиев қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар