Жасанды интеллекттің В жоспары: Роботталған адамдар

Ең қызықты деректер - 35

1990740
Жасанды интеллекттің В жоспары: Роботталған адамдар

Жасанды интеллекттің В жоспары: Роботталған адамдар

 Жасанды интеллекттің бізді толқытатын жері – роботталған адамдар, бірақ зерттеулер әлі жоғары деңгейде емес.  Алайда адам баласы В жоспарын іске қосты.

Тіршілігіміздегі барлық нәрсе соңғы 15-20 жылда жасанды интеллекттен өз несібесін алды. Енді кезекте үлкен қадам бар.  Адам миы мен жасанды интеллекті бірлестіру.

Тақырыпқа байланысты ең назар аударарлық қадам Илон Масктің адам миы тақырыбында жұмыс істейтін «Nueuralink» компаниясынан келді.

Компания 2020 жылдың алғашқы апталарында ми мен компьютер арасында байланыс құратын бір микрочиптің маймылдарда сынақтан өткенін және табысқа қол жеткізілгенін хабарлады. Сынақта миға қосылған ені шаштың төрттен біріндей 4 электрон сым мен оларға қосылған бір чип қолданылды.

Өткен тамыз айында болса есту аппараты секілді құлақтың артына тағылатын чип орнына үлкендігі металл монетадай, тікелей адам миымен байланысатын интерфейс қолданылатыны жарияланды.  Алғашқы сынақ доңыздарға жүргізілді.

Адамның басына робот-қолмен орналастырылатын чип осы электрот сымдармен мидағы қатысты бөлімдермен байланысады. Сырттан ештеңе көрінбейді.

Алайда интерфейстің коммерциялық бір өнім болуы үшін әлі уақыт керек.  Себебі одан бұрын алдымен адамдағы сынақтардың аяқталуы, артынан Америка Азық-түлік және дәрі-дәрмек департаментінен рұқсат алуы керек.

Осы жұмыстардың барлығы не үшін?

Чип технологиясы саласында жұмыс істейтін компаниялардың айтуынша зерттеулердің алғашқы мақсаты – Альцгеймер және Паркинсон секілді аурулардың алдын алу.  Алайда қолданыс алаңы осымен шектеулі болмайды.

Сырттан тамақ сұраныс беру үшін телефон немесе компьютер керек пе? Енді керек емес.

Компьютерде ойын ойнағыңыз келді ме? Құралдар керек емес

Э-пошта жазу үшін клавиатура қолдану керек болмай қалады.

Илон Масктің ойынша осылардың барлығы миға тағылған смарт-білезік секілді бір чип арқылы жүзеге асырылады.

Ал адамдарға көмектесетін, оларды супер-адамға айналдыратын осы технология осыншама  пәк болып қала ма?  Технологиямен айналысатындардың айтуынша, жоқ әрине. Осы жеңілдіктің құны ауыр болады.

Милардың шабуылға ұшырау рискі

Қолданылған импланттар ми мен компьютер арасындағы байланыстыbluetooth арқылы қамдайды. Алайда бұл жағдай кибер қауіпсіздік рискін жоймайды.  Себебі импланттардың жүктелуі және жаңартылуы ұялы телефон арқылы жүзеге асырылады. Кибер қауіпсіздік мамандарының айтуынша бұл жағдай имплант қоланданған зерделерді кибер қарақшыларға қарсы қорғансыз қылады. Бұл олқылық ұялы телефон немесе банк есепшоттарының шабуылға ұшырауынан да үлкен рисктер алып келеді.

Болуы мүмкін хакер шабуылы естеліктерді,  мидың қабілеттерін және ойдағыларды өшіріп немесе оларды тартып алуға дейін баруы мүмкін.

Дереккөз - TRT Haber

 

 



Ұқсас жаңалықтар