Түркі Республикаларында маңызды оқиғалар

Еуразия күн тәртібі – 37-2023

1985329
Түркі Республикаларында маңызды оқиғалар

Бүгінгі бағдарламамызда Түркі Республикаларының күн тәртібіндегі оқиғаларға тоқталамыз.

Өткен апта Түркі Республикаларында маңызды сапарлар мен оқиғалар болды.

Енді осы жағдайларға қысқаша тоқталайық.

2023 жылы 30 сәуірде Өзбекстанда Атазаңға өзгерістер енгізу референдумы ұйымдастырылды. Референдумға қатысқандардың 90.21 пайызы қолдау берді. Жаңа Атазаңға сай президенттің міндет уақыты бес жылдан жеті жылға көтерілді және Сенат мүшелерінің саны жүзден алпысқа азайды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 2023 жылы 2-4 мамыр арасында Германияға ресми сапармен барды. 2 мамырда президент Мирзиеев Германия премьер-министрі Олаф Шольцпен кездесті. Келіссөздер соңында екі ел арасында 16 келісімге қол қойылды. 3 мамырда Мирзиеев Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті. Сапар аясында өткен Германия-Өзбекстан бизнес форумында құны 9 миллиард долларлық екіжақты келісімдерге қол қойылды.

Өзбекстан мен Қырғызстан Мәжілістері екі ел азаматтарының өзара төлқұжаттың орнына жеке куәлікпен барып-келуіне мүмкіндік беретін келісімді мақұлдады. Түркия мен Әзербайжан азаматтары да тек қана жеке куәлікпен өзара саяхат жасауда. Түрік Мемлекеттері Ұйымына мүше елдер өз араларында азаматтарына жеке куәлікпен саяхат жасау мүмкіндігін бергені жөн.

2023 жылы 4 мамырда Тәжікстан президенті Имамали Рахман Қазақстанға мемлекеттік сапармен барды. Астанада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тәжік әріптесі Рахманмен көлемді кездесу өткізді. Кездесулер соңында бірлік келісімін қамтыған 9 келісімге қол қойылды. Сапар аясында өткен Қазақстан-Тәжікстан бизнес формуында 1.8 миллиард долларлық келісім жасалды.

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов 2023 жылы 5 мамыр күні Өзбекстанға сапармен барды. Ташкентте екі ел премьер-министрлері 20-шы Қазақстан-Өзбекстан Үкіметаралық ынтымақтастық комиссиясының жиналысына төраға болды. Әлихан Смайыловты президент Шавкат Мирзиеев қабылдады.

Венгрия Парламентінің төрағасы Ласло Ковер 2023 жылғы 4-7 мамырда Моңғолияға ресми сапармен барды. Венгрия Парламентінің төрағасы Ласло Ковер Моңғолия Парламент төрағасы Зарданшатар Гомбожав және премьер-министр Оюун-Эрдэнэ Лувсаннамсраймен кездесті.

Венгрияның Сыртқы істер және Сыртқы сауда министрі Петер Сийярто 4 мамыр күні Түркияға сапармен келді. Петер Сийярто Венгрия маркасы «Meditor Medical» компаниясының ашылу салтанатына қатысты.

2023 жылы 5 мамырда Иранның жаңадан тағайындалған Мары Бас консулы Абдулмежит Камку Түрікменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Бердинияз Мятиевпен кездесті. Осылайша Иранның Түркіменстандағы Мары Бас консулдығына жұмыс істеу құқығы берілді.

Өткен аптада Халықаралық Футбол федерациялары қауымдастығы ФИФА төрағасы Джованни Винченцо Инфантино Орталық Азияға сапары аясында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстанда болды. ФИФА төрағасы аталған елдердің президенттерімен кездесулер өткізді.

2023 жылдың 4 мамырында Стамбул Ататүрік мәдени орталығында Түркі әлемінің 2023 жылғы «Стамбул Жастар астанасының» беташар салтанаты өтті. Ашылу рәсіміне Түрік Мемлекеттері Ұйымына мүше елдердің жастар және спорт министрлері мен министр орынбасарлары қатысты.

Оқиғалардан да байқалғанындай, өткен апта Түркі Республикаларында маңызды оқиғалар болды



Ұқсас жаңалықтар