Орталық Азия Республикаларының күн тәртібіндегі оқиғалар
Еуразия күн тәртібі – 36-2023

Бүгінгі бағдарламамызда Орталық Азия Республикаларының күн тәртібіндегі оқиғаларға тоқталамыз.
Өткен апта Орталық Азия Республикаларында маңызды сапарлар мен оқиғалар болды.
Енді осы жағдайларға қысқаша тоқталайық.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы 24 сәуірде Астанада Чехия премьер-министрі Петр Фиаланы қабылдады. Кездесу барысында екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Чехия премьер-министрі Қазақстанға сапары аясында Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайыловпен де кездесті. Астанада Қазақстан-Чехия бизнес форумы өтті.
Чехия премьер-министрі Петр Фиала 25 сәуірде Қазақстаннан Өзбекстанға барды. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Ташкентте Петр Фиаланы қабылдады. Чехия премьер-министрі өзбек әріптесі Абдулла Ариповпен де кездесті. Ташкентте Өзбекстан-Чехия бизнес форумы өтті. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 2023 жылдың 24 сәуірінде Татарстан Республикасының басшысы Рустам Миннихановты қабылдады. Кездесуде Өзбекстан-Татарстан екіжақты қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен атқарылатын бірлескен жұмыстар талқыланды.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2023 жылғы 24 сәуірде Сауд Арабиясы Даму қорының басшысы Сұлтан Абдурахман Әл-Маршадты қабылдады. Кездесу барысында Сауд Арабиясы Даму қорының Қырғызстанға инвестициясы талқыланды.
2023 жылғы 25-27 сәуірде Польша президенті Анджей Дуда Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды. Дуданы Ұлан-Батырда Моңғолия президенті Хүрэлсух Ухнаагийн салтанатты түрде қарсы алды. Келіссөздерден кейін екі ел арасында 5 келісімге қол қойылды. Екі ел президенттері Моңғолия-Польша бизнес форумына бірге қатысты. Ұлан-Батырда Польша президенті Анджей Дуданың қатысуымен Польша өкілетті елшілігі ашылды.
2023 жылдың 27 сәуірінде Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов Иранға сапармен барды. Премьер-министр Смайылов Тегеранда Иран президенті Ибрахим Реиси және президенттің орынбасары Мұхаммед Мохбермен кездесті.
2023 жылдың 27 сәуірінде Ферғана қаласында Түрік Мемлекеттері Ұйымының жетекшілігімен «Түрік мемлекеттерінің теміржол байланысы: Ферғана қойнауы - Анадолы» атты халықаралық форум өтті. Форумға Түркі Республикалары мен басқа да бауырлас елдерден 120-дан астам өкіл қатысты.
27-28 сәуірде Өзбекстанда 2-ші Ташкент халықаралық инвестициялық форумы өтті. Форумға 70 елден 2 мың 500 өкіл қатысты.
Жаңа Делиде өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының отырысында сөз сөйлеген Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу АҚШ-тың аймақтағы күшейіп келе жатқан ықпалын тежеу үшін Қырғызстан мен Тәжікстандағы Ресей әскери базаларының күшейтілетінін мәлімдеді.
Оқиғалардан да байқалғанындай, әлемнің Орталық Азия елдеріне деген қызығушылығы күн санап артып келеді. Орталық Азия елдеріне сапарлар саны артып, аймақ елдерінде маңызды халықаралық іс-шаралар өткізілуде.
Түрікпа саммиті 2023 жылы 28 сәуірде Анкарада өтті. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде өткен саммитке Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Түрікменстан және Түркия парламенттерінің төрағалары қатысты. Саммитте Түркпа кезекті төрағалығы Қырғызстаннан Түркияға өтіп, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Түркпаға бақылаушы мүше болып сайланды. Естеріңізге сала кетейік, Түрікпа осыдан 15 жыл бұрын құрылған болатын.