«Ерзинжан мыс өңдеу және қолөнері»

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 33-2023

1976685
«Ерзинжан мыс өңдеу және қолөнері»

«Ерзинжан мыс өңдеу және қолөнері»

Тіркелу уақыты:  27.08.2002

Түркияның Шығыс Анадолы аймағына орналасқан Ерзинжан қаласы мыс өңдеу қолөнері және осы салада жетілген танымал ұсталарымен әйгілі. Ерзинжан Сауда және өнеркәсіп палатасының өтініші бойынша «Ерзинжан мыс өндіру және қолөнері» 2002 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына қосылды. Мұның мақсаты қолөнердің ұстадан шәкіртке жалғасатын негізгі қағидаларын белгілеу болып табылады. Ерзинжандық мыс шеберлері қабырғаға ілінетін табақтан вазаларға, ыдыс-аяқтан монша тостағандарына дейінгі бес жүзден астам әшекей және отбасы ыдыс-аяғын мыстан жасайды. Өндіріс барысында алдымен ұста сызған өрнектер мыс тақталарға «ою техникасы» арқылы өрнектеледі. Мыс әрбір өрнектің салынуымен қатаяды. Сондықтан әрбір жұмыстың соңында мыстың шыңдалуы керек. Артынан мыс шебері бір қаламмен нәзік өрнектерін салып, өнімді күміспен қаптауға дайын күйге келтіреді. Күміспен қапталатын жерлерді толтырғыш қаламмен толтырғаннан кейін өнім күміс-нитратпен қапталады.

Жұмыстың екінші кезеңінде өңделмеген жерлерді мыс қаламмен толтырады. Қызыл-ақ түске енген өнім тотықпауы үшін мөлдір лакпен қапталады. Шеберлер өнімді жасау әдісін ойында жобалағандықтан әрбір шебердің өзіне тән мыңдаған өрнек түрі болады. Мыс өңдеу ісінде ең басты қағиданың бірі мыстың қараюын тосу мақсатымен ыдыстың жалғыз қаламмен жасалуы. Осындай әдіспен жасалған өнімдер жүз жылдан астам уақыт қараймай, алғашқы күнгідей сақталады.



Ұқсас жаңалықтар