Түркияда биосфералық қорық аймағы бар екенін білетін бе едіңіз?
Бұларды білетін бе едіңіз? - 32
Түркияда ЮНЕСКО-ның қорғауында биосфералық қорық аймағы бар екенін білетін бе едіңіз?
Биосфералық резервтер – адам мен табиғат арасындағы экологиялық, экономикалық, мәдени және әлеуметтік тұрғыдан теңгерімді және жалғастыра алатын қарым-қатынастар орнатылған құрлықтық немесе жағалаулық экожүйелері бар аумақтар.
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік биосфералық резервтер желісінде 129 елден 714 биосфералық резерв бар. Түркияның бірінші және жалғыз биосфералық қорығы. Артвин қаласына қарасты Борчка ауданы шекарасында орналасқан «Джамили», басқаша айтқанда «Макахел» деп аталады.
Бұл аймақ өзінің табиғи көне ормандары, эндемикалық өсімдіктері, тарихи мешіттері, таза Кавказ аралары және өзіне тән мәдениетіне қоса адам қолы тимеген үстірттерімен таңғаларлық сұлулыққа ие.
3450 метр биіктіктегі, Карчал тауларының, Грузия шекарасындағы 3100 биіктіктегі беткейлерде орналасқан үстірт қиын тасымалдау жағдайларына қарамастан фотосурет және табиғат әуесқойлары үшін ең таңдаулы орталықтардың бірі болып табылады. Бұл аймақ 1921 жылы Ресей мен Түркия арасындағы шекара келісімімен қазіргі қалпына келді. Келісім бойынша алқаптағы 18 ауылдың 12-сі Грузия шекарасында, алтауы Түркия шекарасында қалды.
Грузия шекарасы «Джамили» ауылының дәл төменгі жағында орналасқан. Қыс-көктем айларында 4-6 ай бойы қар жауып, жолдар жабылғандықтан «Макахел» ауылдарында бірде-бір түрік елді мекеніне жету мүмкін емес.
Бұл қатал қыс жағдайы себепті ауылдардағы төтенше жағдайларда жергілікті халық Борчка немесе Артвиннің орнына Грузияға өтеді. Көлік қатынасы қиындығы басқа мүмкіндіктерді туғызады. Осылайша, Макахел өзінің табиғатын, салт-дәстүрін, жергілікті халықтың қолдауымен сақтай алды.
2006 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен «Дүниежүзілік биосфералық резерв аймағы» ретінде таңдалған Макахелде тұратын халықтың ең маңызды күнкөріс көзі ара шаруашылығы мен бал өндірісі болып табылады.
Биіктік айырмашылығына байланысты бай флорасы «нағыз Кавказ арасына» қонақжайлық жасайды. Жыл сайын тамыз айының ортасында Макахелде «Бал фестивалі» өтеді. Өңір халқы ара шаруашылығы саласында халықаралық платформаларда тәжірибе мен білімін бөлісетін деңгейде маманданған.
Ұқсас жаңалықтар
Мәулананы еске алу апталығы
Анадолыда аты кең тараған дін қайраткері, ойшыл және ақын Мәулананы құрметпен еске алып отырмыз.