«Вакфыкебир наны»

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 31-2023

1969889
«Вакфыкебир наны»

«Вакфыкебир наны»

Тіркелу уақыты:  03.08.2018

Түркияның Қаратеңіз аймағы жағалауындағы тарихи қала Трабзонның Вакфыкебир ауданының атымен аталған «Вакфыкебир наны» аймақтың жайлау мәдениетінің әсері және ұзақ уақыт шыдамдылығымен танымал нан. «Вакфыкебир наны» Вакфыкебир Қала әкімшілігінің өтініші бойынша 2018 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері арасына қосылды. Аймақта мал шаруашылығымен айналысатын және көктемде жайлауға шығатын отбасылардың кемінде 3-4 күн бойынша таза нанға деген қажеттілігі себепті тас ошақта ашытылған қамырдан пісірілген «Вакфыкебир наны» уақыт өте келе аймақта ғана емес, бүкіл Түркия еліне танылған нан түріне айналды. «Вакфыкебир нанының» басты ерекшелігі хош иісті дәмі, қалың қатты қабығы мен үлкен кеуекті құрылымы бар, салмағы үлкен және ұзақ уақыт шыдамдылығы болмақ.

«Вакфыкебир нанына» осы ерекшеліктерді беретін ең басты нәрсе қышқыл қамыр ашытқысы. Қамырды илегенде ашытқымен бірге кемінде 15 күн сақталған ұн, тұз және жылы су қолданылады. Қамырға қорғаушы дәмдендіргіш пен химиялық материалдар қосылмайды. Нан алдын ала қыздырылған тас пешке ағаш отын жағып, баяу пісіріледі. «Вакфыкебир наны» қалыпты ауа райында 5 пен 15 күн арасында бұзылмай сақталады.   



Ұқсас жаңалықтар