«Кайсери бастырмасы»
Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 30-2023

«Кайсери бастырмасы»
Тіркелу уақыты: 13.09.2000
Түркияның Ішкі Анадолы аймағындағы тарихи қала Кайсеридің атымен танымал «Кайсери бастырмасы» Кайсери Сауда палатасының өтінішімен 2000 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енді.
Көшпелі қоғамдарда етті сүрілеп, ұзақ уақыт сақтау әдісімен дайындалып, бүгінге жеткен «Кайсери бастырмасы» 2-3 жастардағы және 250 келе салмағындағы тайынша немесе өгіздің арқа-жауырын, сан және қол еттерін жапырақтап турап, тұздау, жуу, бастыру және кептіру жұмыстарынан кейін «Чемен» аталған арнайы дәмдендіргішпен қаптау арқылы жасалады. «Чеменнің» ішіне қызанақ пен бұрыш езбесі, сарымсақ, бидай ұны, су мен түрліше дәмдендіргіш қосылады. Жалпақ тақтай бейнесімен жасалатын «Кайсери бастырмасының» етінің іші мен сырты да тұздалады. Төрт күн күтілген еттің суы тартылғаннан кейін тұзы толық жуылады да жеті күн бойы арысқа ілінеді. Осыдан кейін арнайы станоктармен сығымдалып, жалпақ бейнеге келген еттің суы толық құрғайды. Ендігі кезекте далада немесе арнайы бөлмелерде кептірілген ет «Чемен» аталған дәмдендіргішпен толық қапталады. Бірнеше күн өткен соң сыртындағы артық «Чемен» тазаланған «Кайсери бастырмасы» жұқа жапырақталып туралып, сатуға шығарылады. «Кайсери бастырмасының» сыртқы түсі «Чемен» қапталғандықтан қызыл-қоңыр, ішкі жағы еттің майының да әсерімен қызыл-күрең түске айналады.