IQ секілді құнды: Сезімдер

Ең қызықты деректер - 27

1965702
IQ секілді құнды: Сезімдер

IQ секілді құнды: Сезімдер

 Адамға қатысты проблемаларды шешуді және адамдармен бірге нәтиже алуды қамдайтын екі түрлі интеллект: Эмоциялық интеллект (EQ)  және Әлеуметтік интеллект (SQ)

Жер шары алпауыт желіге айналды, технология жылдам дамыды. Сондықтан бәріміз одан сайын  әлеуметтік болмыстарға айналдық.

Қарбалас орталарда басқа адамдарға, тіпті өзіміз танымайтын адамдарға әсер етіп немесе керісінше олардан әсер алып жатамыз. Технологияның арқасында дамыған коммуникация құралдарының көптігі және түрлілігі біздерді әлеуметтік ортада көбірек орын алып,  басқа адамдармен байланысты көбірек орнатуға итермелейді.

Әрине дәстүрлі отбасы қатынастарымыз өзгерді, бірақ өзгеріс ішке қарай емес,  сыртқа қарай, яғни басқа адамдарға қарай жүзеге асты.

Ақыл-ойдың, яғни интеллекттің проблема шешудегі артықшылығын ешкім жоққа шығара алмайды. Алайда интеллект деген кезде көп адам аналитикалық, кітаби ақыл деп ойлайды. Ал түрлі проблемаларды шешу үшін түрлі интеллект факторлары керек. Сондықтан зияткерлік коэффициентімен өлшенетін ақылымыздың көптігі барлық мәселені шеше аламыз деген мағынаға келмейді. Зияткерлік коэффициенті, яғни IQ мен техникалық қабілет бізді өмірімізде белгілі бір жерге дейін ғана алып барады. Сөйлеп үйренген тілдердің саны мен тіпті математикалық есептерді қаншалықты тез шеше алатынымыздан басқа интеллект - күрделі өлшем. Біз шеше алмайтын немесе шешуде қиналатын мәселелердің көбі адамдарға қатысты мәселелер.

Зияткерлік коэффициентіміз қаншалықты жоғары болса болсын адамға қатысты жағдайларда бізге көп көмектеспейді.

Адамға қатысты проблемаларды шешуді және адамдармен бірге нәтиже алуды қамдайтын, IQ тесттерінде өлшенбейтін екі түрлі интеллект бизнесте және лидерлікте табысқа жету үшін өте маңызды. Осылардың бірі эмоциялық интеллект, екіншісі әлеуметтік интеллект.

Сезімтал адамдардың эмоциялық интеллекттері жоғары деген түсінік те дұрыс емес.

Эмоциялық интеллект сезімдерге байланысты, бірақ сезімтал болу емес, көбіне өзіміздің және басқа адамдардың сезімдерін түсіну және сезімдерді басқара алуға байланысты.

Эмоциялық интеллект жалпы үш қабілеттен тұрады.  Біріншісі – сезімдерді түйсіне білу және адамның өз сезімдерін айқындауы, оған атау беру қабілеті.  Екіншісі – осы сезімдерді пайдалану және ойлау, тіпті проблеманы шешу секілді міндеттерде қолдану қабілеті. Үшіншісі – қажет болғанда өз сезімдеріңді реттеу, әрі басқа адамдардың да солай істеуіне көмектесіп, сезімдерді басқару қабілеті.

Эмоциялық интеллекттің осы үш факторы арқасында алдымыздағы адамның сезімдерін түсінеміз, өз сезім мен істерімізді осыған сәйкестендіре аламыз, қақтығыс пен мәселелерді шеше аламыз.

Басқа жағынан эмоциялық интеллект ішкі интеллект, яғни адамның өзіне қарай бағытталған. Оқиға, мәселе сәтінде сезімдермен үйлесу және мықты болып қалу қабілеті.

Әлеуметтік интеллект болса ауқымды ұғым. Адамдар арасындағы интеллект. Эмоциялық интеллект пен әлеуметтік интеллект арасындағы айырмашылық болса мынадай: эмоциялық интеллект адамның өз сезімдерін және басқа адамдардың сезімдерін тани білу. Ал әлеуметтік интеллект болса адамдарды түсіну және олармен қатынас құру қабілеті.

Эмоциялық интеллект қазіргі уақыттағы сценарийлер үшін шешім беруге көмектессе,  әлеуметтік интеллект болашақ үшін шешім қабылдауға көмектеседі.

Өзімізді және басқа адамдармен байланыс түрін түсіну үшін осы екі модел де керек.

TRT Білім платформасы/ Тренер -  Işıl Taysever



Ұқсас жаңалықтар