«Ешме Йөрүк кілемі»

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 29-2023

1964995
«Ешме Йөрүк кілемі»

«Ешме Йөрүк кілемі»

Тіркелу уақыты:  01.09.1996

Түркияның Эгей аймағындағы Ұшақ қаласы Ешме ауданының атымен аталған «Ешме Йөрүк кілемі» Ешме Қала әкімшілігінің өтініші бойынша 1996 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына қосылды. Түріктердің көшпелі мәдениетінің барлық ерекшеліктерін қамтыған «Ешме Йөрүк кілемі» әсіресе көк бояуды пайдалануы және қолда иірілген жіптен тоқылуымен ерекшеленеді. Түсі, мотифтері мен әсемдік өнері аймаққа тән ерекшеліктерге ие кілемдерді үйлерде «Истар» аталған арқауларда әйелдер қолымен тоқиды. Алтынбаш, Топлу, Аблаш, Такмак деп те аталатын «Ешме Йөрүк кілемінің» жайнамаз және қабырғаға ілу үшін тоқылатын кішкене түрлері де бар. Кілем шеберлері сұраныстарға сай сумка, қоржын, жастық және шағын көрпешердің қабын да тоқиды.

Дәстүрлі түрік өрнектері салынатын «Ешме Йөрүк кілемі» әралуан түспен тоқылады. Табиғи көк бояудан өндірілген жасыл, сары, қызыл және қоңыр түстер қолданушыларды қызықтырады.   



Ұқсас жаңалықтар