Түркі Республикаларының күн тәртібіндегі оқиғалар
Еуразия күн тәртібі – 30-2023

Бүгінгі бағдарламамызда Түркі Республикаларының күн тәртібіндегі оқиғаларға тоқталамыз.
Өткен апта Түркияда маңызды бір саммит өткізілді. Түркі Республикаларының күн тәртібінде де маңызды сапарлар мен оқиғалар болды. Енді осы оқиғаларға тоқталайық.
2023 жылы 16 наурызда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Шушада өтуі жоспарланған Түрік Мемлекеттері Ұйымының кезектен тыс саммиті Түркияға қолдау беру мақсатымен Анкарада ұйымдастырылды. «Апат-Төтенше жағдайларды басқару және гуманитарлық жәрдем» тақырыбымен өткен саммитке Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы және Түркия президенттері, Түрікменстан Халық Мәслихатының төрағасы және Венгрия премьер-министрі қатысты. Саммитте табиғи апаттар, Түркі Республикаларының осындай кезеңдерде ұйымшылдық көрсетуін заңдастыру, Түрік Инвестиция қоры тақырыптары қолға алынды. Саммит соңында Анкара хаттамасы, Азаматтық қорғаныс механизмінің және Түрік Инвенстиция қорының құрылуы жайлы келісімдерге қол қойылды. Сапар аясында Түркі Республикаларының лидерлері екі жақты кездесулер өткізді. Түркі Республикаларының лидерлері алдағы қазан айында Қазақстанның Түркістан қаласында ұйымның 10 жылдығы саммитінде бас қосады.
Саммит жайлы мыналарды да айта кетейік, Түркі Республикалары Солтүстік Кипр Түрік Республикасын тану тақырыбында нақтылы қадам басуы керек. Өйткені Түркі Республикаларындағы кейбір елдердің хабарларында СКТР-ның саммитке қатысқаны мәліметі берілмегені байқалды.
Өткен апта Моңғолия Сыртқы істер министрі Батмунх Батцэцэг Түркияға ресми сапармен келді. 13 наурызда Түркияға екі күндік сапармен келген Моңғолия Сыртқы істер министрі Батмунх Батцэцэг Түркия президентінің орынбасары Фуат Октай, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу және ЮНЕСКО Түркия ұлттық комиссиясының төрағасы Өжал Оғуз қатарылармен жеке-жеке кездесті. Кездесулерде екі жақтылы қарым-қатынастар күн тәртіпке келді. Сыртқы істер министрлерінің ортақ баспасөз мәслихатында министр Батмунх Батцэцэг: «Түркия тарапынан атқарылған гуманитарлық-дипломатиялық іс-шаралардың әлем қоғамына қосқан үлесі әрі Ковид-19 індеті кезінде, әрі Ресей мен Украина соғысы барысында дәлелденді» деді. Түркия мен Моңғолия арасында 3 келісімге қол қойылды. Бұл сапар Моңғолия Сыртқы істер министрі өресінде 31 жылдан кейін Түркияға жасалған тұңғыш сапар ретінде тіркелді.
Өткен апта Түркі Республикаларындағы өзге елдерде де маңызды оқиғалар болды. 13-14 наурызда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Германияға іс сапармен барды. Президент Әлиев Берлинде Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер және Германия премьер-министрі Олаф Шольцпен жеке-жеке кездесу өткізді. Сапар аясында президент Әлиев 30-дан астам танымал неміс іскермен де бас қосты.
Қазақстан мен Өзбекстанда маңызды сайлау өтті. 2023 жылы 19 наурызда Қазақстанда жергілікті және жалпы сайлау өткізілді. Сайлау президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған саяси реформалар аясында іске асты.
Өзбекстанда Атазаң референдумы 30 сәуірге кешіктірілді. Аталмыш референдум Өзбекстанның кешеюіне есе қосады.