О.Кавказ елдерінің күн тәртібіндегі оқиғалар
Еуразия күн тәртібі – 28-2023

Бүгінгі бағдарламамызда Оңтүстік Кавказ елдерінің күн тәртібіндегі оқиғаларға тоқталамыз.
Ардақты тыңдармандар.
Өткен апта Оңтүстік Кавказ Республикаларында маңызды бір саммит пен назар аударарлық сапарлар болды. Осы оқиғаларға тоқталайық.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 2023 жылы 27 ақпанда Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады. Кездесуде екі жақтылы қарым-қатынастар, аймақтық ынтымақтастық пен күн тәртіптегі мәселелер қолға алынды. Сергей Лавров екі күндік Баку сапары аясында әзербайжандық әріптесі Джейхун Байрамовпен де кездесу өткізді.
Ресей мен Армения Сыртқы істер министрлері 3 наурызда Үндістанда бас қосты. Арарат Мирзоян мен Сергей Лавров кездесуінде Әзербайжан мен Армения бейбітшілік процесі талқыланды. Арменияның соңғы кезеңде Үндістанмен тығыз ынтымақтастық жасағаны назар аударды.
2 наурызда Армения премьер-министрі Никол Пашинян Германияға іс сапармен барды. Берлинде Никол Пашинян Германия премьер-министрі Олаф Шольцпен кездесті. Екі басшы кездесуден кейін ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Премьер-министр Никол Пашинян 3 наурызда Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті. Никол Пашинян сонымен бірге Германия Мәжілісінде депутаттарға үн қатты.
Пашинян Германияда жасаған мәлімдемесінде Түркиямен қарым-қатынастарын жақсартуды қалайтындарын қайталады.
Ресей азаматтығынан шығып, Қарабахқа келіп, жергілікті әкімшіліктің премьер-министрі болған Рубен Варданян Әзербайжанның қысымына төтеп бере алмай, міндетінен кетуге мәжбүр қалды. Жалпы алғанда, Қарабахтағы жағдай Ресей мен батыс арасындағы қақтығыс тақырыбы болуды жалғастыруда. Ресей Еуропа Одағының Қарабахқа жолдаған бақылаушыларынан мазасыз болуда. Өткен жылы желтоқсан айында өткізілген Ресей-Әзербайжан-Армения үш тарапты жиналысының Армения тарапынан күшін жоюы, премьер-министр Пашинянның Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымы саммитінің қорытынды баяндамасына қол қоймауы, ұйымның 2023 жылы Арменияда өткізетін әскери жаттығуларының тоқтауы сияқты оқиғалар Ресей-Армения қарым-қатынастарының соңғы кезеңде ойдағыдай өреге жетпегенін көрсетіп отыр.
Құрметті тыңдармандар.
2023 жылы 2 наурызда Бакуде Қосылмау қозғалысының Ковид-19-ға қарсы күрес байланыс тобының саммиті өтті. Саммитке Босния және Герцеговина, Ирак, Ливия, Өзбекстан және Түрікменстан президенті, Куба, Габон, Танзания президентінің орынбасарлары, Алжир мен Кенияның премьер-министрі, БҰҰ, Түрік Мемлекеттер Ұйымы қатарлы халықаралық ұйымдардың басшылары, жалпы 70 елдің өкілдері қатысты.
Саммит соңында «Баку хаттамасы» қабылданды. Саммит аясында президент Ильхам Әлиев лидерлермен екі жақтылы кездесулер де өткізді.
Әзербайжан Қосылмау қозғалысының кезекті төрағалығын жақсы атқарды. Ковид-19 індеті кезінде Әзербайжан 80-нен астам елге жәрдем берді. Қосылмау қозғалысының саммиті және кезекті төрағалығы Әзербайжанның халықаралық саладағы абыройын арттырды.
Арменияның Әзербайжанмен арасындағы мәселелерді басқаларға арыздануы, Тегеран әкімшілігінің арандату әрекеттері Әзербайжанның абыройын арттыруына кедергі жасай алмайды. Ресеймен стратегиялық ынтымақтастықты бекемдеуі, әрі шығыс пен батыс, әрі оңтүстік пен солтүстік қатынас дәлізінде Әзербайжанның шешуші елге айналуы осының айқын белгісі болып табылады.