Жасанды интеллект: суретші кодтар

Ең қызықты деректер - 25

1954573
Жасанды интеллект: суретші кодтар

Жасанды интеллект: Суретші кодтар

Бәлкім мына жерде кішкентай тәтті бір «жасанды интеллект» бар шығар

Жасанды интеллекттің соңғы өнімдерінің бірі болып саналатын суретші бағдарламалар арқасында көп уақытты қажет ететін істер қысқа уақытта аяқталады.

**

Сурет өнері,  музыка, жазу қабілеті... Бұлардың әрқайсысы ерекше өнер. Барлық нәрсе цифрланған әлемімізде қабілеттер де осы жолда жылжып келеді. Жасанды интеллект ықпалды түрде қолданатын «суретші кодтар»

**

Технология жылдам дамуын жалғастырған сайын, бізді де таңғалдыратын көптеген қабілетті де өзімен бірге ала келіп жатыр. Жасанды интеллект жөнінде көпт нәрсе айтылуда.  Бірақ қандай пайдасы бар екенін көрсететін нақты контент аз. Жасанды интеллекттің соңғы өнімдерінің бірі – суретші бағдарламалар.

Негізгі жұмысы компьютерлер үшін графикалық карт өндіру болып табылатын «Nvidia» атты компания жасанды интеллект саласында жұмыс істеп келеді. Олардың соңғы өнімі – «Canvas”

«Canvas» атты бағдарламаның құрамында материалдар бар. Қолданушы панелінен тау, су, шөп, бұлт секілді таңдаулар арасынан қалағанын таңдайды.  Артынан сол материалмен бос парақты бояйды. Жасанды интеллектр сізге шын бір сурет қалыптастырады. «Canvas» өзінің ерекшеліктері арқылы сізге тек армандауды қалдырады.  Қалған нәрсенің барлығын өзі реттейді. Сіз тек сызықтар сызасыз және бағдарлама сізге қалаған көріністі дайындап береді.

 Сіз айтыңыз, жасанды интеллект сызып берсін

 Бұған ұқсас басқа істер де бар. «DALL-E» атты басқа бағдарламада болса миыңызда жобаланған сахнаны сөздермен жазасыз. Қалғанын жасанды интеллект тындырады. Бағдарлама сізге жазған нәрселеріңізді түрлі стильдерде фотосурет қылып береді. Нәтижеде шыққан өнімдер шыныменен сәтті.

 «Қабілетті кодтар» болашақтың шеберлері ме?

Жасанды интеллекттің осы қызметтері жаңа буын технологияның қандай деңгейге жеткенін көрсетеді.  Жылдам дамып жатыр және жетілген сайын кейбір факторлар да қажетсіз боп қалуда. Жылдам дамыған жасанды интеллект өзімен бірге жеңілдіктер де ала келеді. Сурет салу үшін қабілет және білім алудың қажеті жоқ болып қалады. Көп уақыт алатын істерді қысқа мерзімде бітіретін секілді көрінсе де,  бұл жағдай мына сұрақты ала келеді: Қабілеттің орнын кодтар ма алады?

 

 



Ұқсас жаңалықтар