Орталық Азия мен араб елдерінің қарым-қатынастары

Еуразия күн тәртібі – 27-2023

1954096
Орталық Азия мен араб елдерінің қарым-қатынастары

Бүгінгі бағдарламамызда Орталық Азия елдерінің араб елдерімен қарым-қатынастарына тоқталамыз.

Ардақты тыңдармандар.

Өткен апта Орталық Азия елдерінің араб елдерімен қарым-қатынастарын бекемдейтін маңызды оқиғалар болды. Енді осы жағдайларға қысқаша тоқталайық.

Түрікменстан Халық Мәслихатының төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхаммедов 2023 жылы 11-12 ақпан арасында Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды. Құрбанқұлы Бердімұхаммедов сапары аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Мұхаммед бен Заид әл-Нахайянмен және премьер-министрдің орынбасары Мансур бен Заид әл-Нахайянмен кездесті.

Түрікменстан Мәжіліс төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхаммедов Абу Даби Өркендеу қоры, Масдар, ADNOC және Абу-Даби портының лауазымдыларымен келіссөздер жүргізді. Кездесулерде Түрікменстанға жасалатын инвестициялар, екі жақтылы қарым-қатынастар тақырыбы қолға алынды. Сапар жайлы ортақ мәлімдемеде жарияланды және ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.

2023 жылы 19 ақпанда Біріккен Араб Әмірліктері премьер-министрінің орынбасары Мансур бен Заид әл-Нахайян Түрікменстанға сапарлай барды. Ашхабад қаласында Біріккен Араб Әмірліктері премьер-министрінің орынбасары әл-Нахайян Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхаммедовпен кездесті. Кездесуде екі жақтылы қарым-қатынастардың қазіргі беталысы талқыланды. Абу Даби Ұлттық мұнай компаниясы Түрікменстанның Гильгамеш табиғи газ қабатында өндіріске кіріседі.

2023 жылы 21 ақпанда Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхаммедов Бахрейн Королдігіне тұңыш рет ресми сапармен барды. Әуежайда Сердар Бердімұхаммедовты Бахрейн премьер-министрі Халид бен Абдуллах ен-Халифе күтіп алды. 22 ақпанда президент Сердар Бердімұхаммедов Бахрейн Королі Хамад бен Иса ен-Халифемен кездесті. Кездесу соңында екі ел арасында 11 келісімге қол қойылды. Президент Сердар Бердімұхаммедовқа Бахрейннің ең жоғарғы Иса бен Салман ен-Халифе ордені берілді. Президент Сердар Бердімұхаммедов Бахрейн Өркендеу кеңесі басшыларымен де кездесті.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Мысыр Араб Республикасына ресми сапармен барды. Президент Мирзиеевті әуежайда Мысыр президенті Әбдел Фаттах әл-Сиси өзі қарсы алды. Президент Шавкат Мирзиеев сапарының алғашқы күні Каирдегі Ахмет Фергани ескерткішіне зиярат жасады және Мысыр Мемлекеттік Өркениет мұражайын аралады. Өзбекстан президенті сол күні Мысырдың басты іскерлерімен кездесті. 21 ақпанда президент Шавкат Мирзиеевті ресми күтіп алу салтанаты ұйымдастырылды. Рәсімнен кейін екі ел президенттері бас қосты. Кездесуден кейін келісімдерге қол қойылды. Президенттер ортақ мәлімдеме жариялады. Артынан президенттер баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

21 ақпанда Тәжікстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Шараф Шерализода Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің басшысы Мұхаммед бен Абдулхади эн-Матрафимен кездесті. Кездесуде екі жақтылы қарым-қатынастарды дамыту тақырыбы қолға алынды.

2023 жылы 13-15 ақпан арасында Дубаиде ұйымдастырылған Әлем үкімет форумына Орталық Азия Республикалары премьер-министр, министр өресінде белсенді қатысты.

Оқиғалардан да байқалғанындай, Орталық Азия елдері араб елдерімен қарым-қатынастарды дамытуда. Өзара жоғары дәрежелі сапарлар жиілей түсті. Аймақтар арасындағы ынтымақтастықтар да артып келеді.



Ұқсас жаңалықтар