«Батман Шам бәліші»

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 25

1949571
«Батман Шам бәліші»

«Батман Шам бәліші»

Тіркелу уақыты:  27.12.2017

Түркияның оңтүстік-шығыс Анадолы аймағына орналасқан және мұнай өндіріс базаларымен танымал Батман қаласы өңірге тән ерекше тағамымен де әйгілі. 2017 жылы Батман Уәлаят Мәдениет және туризм басқармасының өтініші бойынша Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына қосылған «Батман Шам бәліші» азандағы астарда және күндізгі шайларда дастарқанды толтыратын тәмділер арасында. Қамырды илегенде ұн, май, қатық, тұз және жылы су қолданылатын бәліштің ішіне қазанда ұсақтап туралған майлы ет, пияз, ақжелкен және дәмдендіргіш араластырылып, қуырылған қоспа салынады. Иленген соң 30 минут күтілген қамыр жаңғақтың үлкендігіндей бөлшектерге бөлінеді және 10 сантиметр көлемінде оқтаумен жазылады. Қамырдың ішіне қуырылған қоспа салынып, жарты ай бейнесімен жабылады. Қазанда ысытылған сұйық майға салынған бәліштің екі беті де қуырылады. Қамырдың сыртындағы майын еміп алуы үшін қағаз орамал жайылған табаққа салынып, қонаққа ұсынылады. Бәлішпен бірге шай немесе айран ұсынылады. 



Ұқсас жаңалықтар