Фотограф Ара Гүлердің «Стамбулдың көзі» атағымен танымал екенін білетін бе едіңіз?
Бұларды білетін бе едіңіз? - 23

Түркияда фотосурет дегенде еске түсетін алғаш тұлғалардың бірі – Ара Гүлер. 1928 жылы Стамбулда дүниеге келген шебер фотограф өзінің 90 жылдық өмірінде Түркияның ғана емес, әлемдік фотосуреттің маңызды құндылықтарының біріне айналды.
Бала кезінде киноның ықпалына түскен Ара Гүлер орта мектеп кезінде әкесі сатып алған 35 мм-лік бір бейне камера және фотоаппаратпен фототілші болып жұмыс істей бастады. Дәл осы кезеңде кинофильм студияларында кино өнерінің әртүрлі саласында жұмыс істеп, театр өнерін үйрене бастайды. Стамбул университетінің экономика факультетінде білімін жалғастыра отырып, ол журналист болуды шешеді.
1961 жылы Ұлыбританияда жарық көрген «Photography Annual» журналы оны әлемдегі ең жақсы жеті фотографтың бірі ретінде анықтады. Сол жылы Американдық журнал фотографтары қауымдастығына қабылданып, Түркиядан осы ұйымның жалғыз мүшесі болады.
Оның фотосуреттері әлемінің өте маңызды басылымдарында жарық көрді. АҚШ, Германия, Парижде түрлі фотосурет көрмелері ашады. Әлемнің түкпір-түкпірін аралап, фото-сұхбаттар жасаған Ара Гүлер оларды бүкіл әлемге жариялады.
Өзін «сәттің фотографы» деп атайтын шебер фотограф бүкіл мансабында Шарль де Голль, Исмет Инөнү, Уинстон Черчилль, Индира Ганди, Джон Бергер, Бертран Рассел, Билл Брандт, Альфред Хичкок, Энсел Адамс, Имоджен Каннингем, Сальвадор Дали, Мария Каллас, Фикрет Муалла, Пабло Пикассо сияқты қол жеткізу қиын маңызды тұлғалардан сұхбат алып, фотосуреттерін түсірді. Бұл кадрлардың ішіндегі ең танымалы фотографтарға түспеген Пикассо еді.
2000 жылы Францияда «Légion d'honneur» (Құрметті Легион) сыйлығымен марапатталған Ара Гүлердің фотосуреттерінің көпшілігі Франция, АҚШ және Германияның түрлі мұражайларына қойылған. «Фотограф» деген атауды қабылдамайтын Ара Гүлер өзінің «фототілші» екенін үнемі айтып келді.