Түркі Республикаларында күн тәртіп қарбалас өтуде

Еуразия күн тәртібі – 23-2023

1941824
Түркі Республикаларында күн тәртіп қарбалас өтуде

Бүгінгі бағдарламамызда Орталық Азия Түркі Республикаларында болған маңызды оқиғаларға тоқталамыз.

Орталық Азия Түркі Республикаларында өткен апта маңызды оқиғалар болды. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің Қырғызстанға жасаған мемлекеттік сапары ерекше оқиғалардың бірі. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 2023 жылы 26-27 қаңтар күндері Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барды. Президент Мирзиеевті әуежайда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров күтіп алды. Екі ел президенттері 27 қаңтарда оңаша және делегациялар арасында кездесулер өткізді. Кездесулерден кейін екі ел арасында шекараларды белгілеу және көп салалы стратегиялық ынтымақтастықты қамтыған 25 келісімге қол қойылды. Осылайша Тәжікстаннан тыс басқа Орталық Азия елдері өзара шекара мәселелерін негізінен шешімге қауыштырды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қырғызстанға мемлекеттік сапары алдында Түрік Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Қуанышбек Өмірәлиевті қабылдады. 24 қаңтарда Ташкентте өткен қабылдауда Түрік Мемлекеттері Ұйымының жұмыстары қолға алынды.

Түркі Республикалары ұйымының бірі Түрік Инвестиция қорының төрағасы Бағдат Әміреев өткен апта Венгрияға сапарлай барды. Бағдат Әміреев Будапештте Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, Сыртқы істер және Сыртқы сауда министрі Петер Сиярто, Премьер-министрдің орынбасары және Қаржы министрі Михали Варгамен жеке-жеке кездесті. Бағдат Әміреевке Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан тарапынан «Венгрия Мемлекеттік ордені» табыс етілді.

24 қаңтарда Ташкентте Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің 26-шы жиналысы өткізілді. Жиналысқа ұйымға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері қатысты. Сол күні президент Шавкат Мирзиеев жиналыс аясында Түркия, Әзербайжан, Иран және Түрікменстан Сыртқы істер министрлерін жеке-жеке қабылдады.

18 қаңтарда Қазақстан және 25 қаңтарда Өзбекстан Газпром компаниясымен табиғи газ ынтымақтастық келісіміне қол қойды. Батыс елдеріне экспорты тоқтаған Ресей шығыстағы одақтастарымен ынтымақтастықты бекемдеп жатыр.

23 қаңтарда Қазақстан Мәжіліс төрағасы Мәулен Әшімбаев Қырғызстанға ресми сапармен барды. Мәулен Әшімбаев Бішкекте Қырғызстан Мәжіліс төрағасы Нұрланбек Шакиевпен кездесті. Екі басшы Шыңғыс Айтматов форумына қатысты. 24 қаңтарда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстан Мәжіліс төрағасы Мәулен Әшімбаевті қабылдады.

24 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Якутия Республикасының президенті Айсен Николаевпен кездесті. Кездесуде екі ел қарым-қатынастарын дамыту тақырыптары талқыланды.

21 қаңтарда Орталық Азиядағы Түрікменстанда парламенттің екі қанаты бірлесті. Жаңа құрылған Халық Мәслихатының төрағалығына Құрбанқұлы Бердімұхаммедов сайланды. Халық Мәслихаты сол күні Құрбанқұлы Бердімұхаммедовты «Ұлттық лидер» деп жариялады. Құрбанқұлы Бердімұхаммедов бұдан былай халыққа үн қатады және партия құрылтайында баяндама жасай алады. Халық Мәслихаты сонымен бірге президент Сердар Бердімұхаммедовқа «Армия генералы» атағын ұсынды.

Оқиғалардан байқалғанындай, өткен апта Орталық Азия Республикаларындағы Түркі мемлекеттері арасында ынтымақтастықты бекемдейтін маңызды қадамдар басылды.


 



Ұқсас жаңалықтар