Түркі Республикаларында күн тәртіп қарбалас
Еуразия күн тәртібі – 22-2023

Бүгінгі бағдарламамызда Түркі Республикаларында жасалған маңызды сапарларға тоқталамыз.
Өткен апта Әзербайжан мен Қазақстан президенттері Біріккен Араб Әмірліктеріне сапармен барды және «Абу Даби Жалғастыруға болатын аптасы 2023» саммитіне қатысты. 2023 жылы 15 қаңтарда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Біріккен Араб Әмірліктеріне іс-сапармен барды. Ильхам Әлиев Абу Дабиде Біріккен Араб Әмірліктері президенті және Абу-Даби әмірі Шейх Мұхаммед бин Заид Әл Нахаянмен кездесті. Кездесуде екі жақтылы қарым-қатынастар қолға алынды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы 16-18 қаңтар арасында Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды. Қазақстан президенті Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері президенті Шейх Мұхаммед бин Заид Әл Нахаян тарапынан ресми рәсіммен күтіп алынды. Артынан делегациялар арасында кездесу өткізілді. Кездесулер соңында 9 келісімге қол қойылды. Тараптар ортақ сауда мөлшерін бір миллиард долларға көтеруді нысанаға алды. Президент Тоқаев сапар аясында араб әмірлері және араб іскерлермен жеке-жеке кездесті. Тоқаев араб іскерлерімен дөңгелек үстел жиналысын да ұйымдастырды.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 2023 жылы 17-19 қаңтар күндері Швейцарияға сапармен барды. Давос Әлем Экономика форумына қатысқан Әлиев форум аясында Латвия мен Литва президенттері, Хорватия мен Голландия премьер-министрлері, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропа Одағы сияқты халықаралық ұйымдардың лауазымдыларымен және халықаралық компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізді. Әзербайжан энергия байлықтарының Еуропаға тасымалдануы мәселесі күн тәртіпке келді.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 2023 жылы 17-18 қаңтар күндері Сингапур Республикасына ресми сапармен барды. Президент Шавкат Мирзиеев Сингапур президенті Халима Якубпен және премьер-министрі Ли Сяньлунмен жеке-жеке кездесулер өткізді. Кездесулерден кейін тараптар арасында 7 келісімге және Өзбекстан-Сингапур Инвестиция компаниясының құрылуы жайлы хаттамаға қол қойылды. Сапар аясында Мирзиеев Ли Куан Ю атындағы Қоғамдық дипломатия мектебінде болып, елдің жетекші кәсіпкерлерімен кездесті. Соңғы жылдары екі ел арасындағы сауда айналымы екі есеге өсті.
Өткен апта Түрікменстанға маңызды сапарлар жасалды. 18 қаңтарда Татарстан президенті Рүстем Минниханов Ашхабадқа барды. Рүстем Минниханов Түрікменстан Мәжіліс төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхаммедовпен бас қосты.
2023 жылы 19 қаңтарда Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды. Премьер-министр Михаил Мишустин алдымен Ашхабадтағы Түрікмен-Орыс мектебінде болды. Артынан президент Сердар Бердімұхаммедов және Халық Мәжілісінің төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхаммедовпен жеке-жеке кездесті. Кездесулерден кейін Михаил Мишустин Түрікменстан-Ресей Бизнес форумына қатысты. Ашхабад қаласында Ресей Сауда үйінің бетін ашты.
Оқиғаларға негізделгенде өткен апта Әзербайжан, Қазақстан және Өзбекстан президенттері маңызды шетел сапарларына шықты. Аталмыш сапар кезінде экономика басты күн тәртіпті құрады. Осындай өзара сапарлар арқылы Түркі Республикаларына шетелдерден инвестицияның келуіне орай жаратылады.