Салауатты өмірдің формуласы - қозғалыс

Ең қызықты деректер - 20

1935685
Салауатты өмірдің формуласы - қозғалыс

Қозғалыссыз өмір сүру семіздік секілді бірқатар денсаулық проблемасына жол ашады. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 2030 жылға дейін шамамен 500 мың адамның осы себеппен түрлі ауруларға шалдығатынын болжап отыр.  Шешім болса жүйелі түрде әрекет жасау.

Адамдар бүгінгі күні экран алдында көп уақыт өткізеді.  Қысқа қашықтық үшін де көлік  қолданады,  сауда-саттықты да интернет арқылы жүзеге асырады.  Заманауи өмір салты адамдардың жүгін азайтады,  бірақ олардың қозғалысын шектейді.  Бұл да көптеген денсаулық проблемасына жол ашады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының бір есебі де осыны растайды. 194 елден жинақталған деректерге сай дайындалған есеп бойынша шара қолданылмаса 2030 жылға дейін шамамен 500 мың адам әрекет етпегендіктен денсаулық мәселелеріне шалдығады.

Ал қозғалыссыз өмір қандай мәселелер мен қандай ауруларға жол ашады?

Медицина білімдері Университетінің оқытушысы, Эндокранология және метаболизм аурулары маманы Проф. Др. Мазхар Мүслім Туна қозғалыс жеткізіксіздігі жол ашатын ең маңызды аурудың семіздік екенін айтады. «Семіздікті тек бір ауру ғана емес,  көптеген аурудың бастауы деп қабылдау керек.  Семіздікке байланысты жиі кездесетін ауру – диабет. Сонымен бірге жүрек-қан тамырлары ауруларына, гипертонияға, инфаркт пен инсультке әкелуі мүмкін. Әрине осындай дене ауруларымен қоса психологиялық түрде де көптеген ауруға жол ашады»  деді ол.

Осы аурулардың алдын алу үшін дұрыс тамақтанумен қатар қозғалу, яғни жүйелі түрде физикалық белсенді болуға кеңес беріледі.

Себебі жүйелі физикалық белсенділік жоғары қан қысымы секілді жүрек-қан тамырлары аурулары, диабет, омырау және ішек ісігі мен депрессия рискін де азайтады.

Денсаулықты сақтау үшін қанша жаттығу жасау керек?”

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы және көптеген қауымдастық аптасына 150 және 300 минут арасында жаттығу жасауға кеңес береді. Күніне шамамен 30-60 минут арасында жүру осыны қамдайды.  Бірақ бұл жүру тез болуы керек.  Егер мүмкіндік болса велосипед тебу, жүгіру немесе жүзу жаттығуларын да орындау қажет.

Жаттығу жасау депрессия рискін де төмендетеді

Жаттығу жасау,  қозғалу буындарды және сүйекті нығайтады. Инсулинге төзімділікті азайтады. Салмақ тастауды жеңілдетеді.  Осылайша қандағы қант деңгейі мен қан қысымын теңгереді.

Адамдардың жүйелі түрде спортпен шұғылдануы тек дене саулығы үшін ғана емес,  психологиялық жағынан да өте пайдалы. Ең жеңіл қозғалыс та алғашқы сәттен бастап адамның көңіл күйін көтереді, ашуды басады, миды демалдырады. Сергітеді. Осылай жүйелі түрде істесе,  адамдардың ұйқысы да тәртіпке келеді.

Мамандардың айтуынша жаттығуды тек денсаулығында ақау барлар емес,  барша жасауы керек.  Жаттығуды өмір салтына айналдырудың маңызына назар аударған Проф. Др. Туна балалық шағында жаттығуға, қозғалысқа үйретуге кеңес береді.  Себебі балалық кезінде жиналған салмақ алдағы жылдары үлкен проблемаларға жол ашуы мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар