Түркі Республикаларындағы басты оқиғалар

Еуразия күн тәртібі – 21-2023

1935923
Түркі Республикаларындағы басты оқиғалар

Бүгінгі бағдарламамызда Түркі Республикаларында өткен апта басты орынға шыққан оқиғаларға тоқталамыз.

2023 жылы 12-13 қаңтар күндері Түрік Мемлекеттер Ұйымының Бас хатшысы Қуанышбек Өмірәлиев Венгрияға сапармен барды. Будапештте Бас хатшы Өмірәлиев Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан тарапынан қабылданды. Бас хатшы Өмірәлиев пен премьер-министр Орбан қатынас пен энергия, ауыл шаруашылығы мен табиғи байлықтарды басқару сияқты салалардағы әдістемелі ынтымақтастықты дамыту жайлы көзқарас алмастырды. Бас хатшы Өмірәлиев Венгрия сапары аясында Венгрияның Сыртқы істер және Сыртқы сауда министрі Петер Сийярто, ұйымның Венгрия ақсақалы Атилла Тилкимен жеке-жеке кездесті. Қуанышбек Өмірәлиев Түрік Мемлекеттер Ұйымының Будапешттегі офисіне барды.

Түрікменстанда екі қанатты Мәжілісті бірлестіру күн тәртіпке келді. 11 қаңтарда Түрікменстан Парламентінің үстіңгі қанаты Халық Мәжілісі мен астыңғы қанаты Түрікменстан Ұлттық Мәжілісінің өкілдері жиналыс өткізді. Түрікменстан Халық Мәжілісінің төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхаммедов жиналыста мәжілістерді бірлестіруді ұсыныс етті. 2023 жылы 26 наурызда Түрікменстанда жалпы және жергілікті сайлау өткізіледі.

Қазақстанда 14 қаңтарда Сенат сайлауы өтті. Қазақстанда сенаторларды жергілікті мәжіліс мүшелері сайлайды. Қазақстан Сенатына сайланған 20 сенатор алты жыл міндет атқарады. Қазақстан саяси жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалану процесі жалғасуда. Қазақстанда соңғы бір жылда Назарбаев отбасының қол сұғылмаушылығы біртіндеп жойылды және отбасының әсері азайтылды. Қырғызстанда бұрынғы президент Асқар Ақаевке қарсы ашылған сот күшін жойды.

Украинада тұратын қазақ диаспорасы Киев пен Буча қалаларында дәстүрлі киіз үй тігіп, мұқтаж азаматтарға жәрдем бере бастады. "Мызғымастық пункті"аталған дәстүрлі қазақ киіз үйінде адамдардың негізгі қажеттіліктері қамдалады. Ресей Сыртқы істер министрлігінің іс-шараға наразылығына байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі аталмыш талпыныста ешқандай қалыпсыздық көрмегендерін жариялады.

11 қаңтарда Башқұрдстан Республикасының тұңғыш президенті Мұртаза Рахимов қайтыс болды. Башқұрдстанды 20 жыл басқарған Рахимов 1990 жылдың басында елінің тәуелсіздігі үшін еңбек еткен болатын. Рахимовтың жаназа рәсіміне президент Владимир Путин де қатысты.

9-10 қаңтар арасында 13-ші Азия Парламенттік Ассаблеясының Жалпы Кеңесі Анталияда өтті. «Өзгерген халықаралық динамикада көпжақтылықты ілгерлету» тақырыбымен өткен жиналысқа 27 елдің парламентарлары қатысты. Жиналысқа Еуразия географиясынан Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы Сахиба Гафарова және Түрікменстан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы Гулшат Маммедова қатысты. Жалпы Кеңес соңында «Анталия декларациясы» қабылданды. Азия Парламенттік Ассаблеясының Жалпы Кеңесі аясында Түркия, Иран және Әзербайжан Мәжіліс төрағалары үштік жиналыс өткізді.

Оқиғалардан да байқалғанындай, Қазақстан мен Түрікменстан Республикаларында саяси жүйенің өзгерістері жалғасуда. Түркі Республикаларында өзара сапарлар мен ынтымақтастықтар да бекемделе түсуде.



Ұқсас жаңалықтар