Еуразия географиясында 2022 жыл жақсы өтті

Еуразия күн тәртібі – 19-2023

1929258
Еуразия географиясында 2022 жыл жақсы өтті

Бүгінгі бағдарламамызда Еуразия географиясында 2022 жылдың қалай өткеніне тоқталамыз.

Ресей мен Украина соғысы 2022 жылдағы басты оқиға болды. Ресей 24 ақпанда Украинаға шабуыл жасады. Қалған 10 айда қақтығыстар мен шабуылдар себепті жүз мыңдаған адам қаза тапты. Миллиондаған адам үйлерінен кетуге мәжбүр қалды. Орыс армиясының шабуылынан Украина ауыр күйреді. Халықаралық салада бөліну пайда болды. Әлем экономикасы соғыстың нашар әсеріне ұшырады. Ресей-Украина немесе Ресей мен батыс соғысының жақында аяқталар түрі жоқ.

2022 жылы Қазақстан мен Түрікменстанда президенттік сайлау өтті. 2022 жылы 12 наурызда Түрікменстанда өткен президенттік сайлауда Сердар Бердімұхаммедов жеңіске жетті. 20 қарашада Қазақстанда өткен сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев тағы 7 жылға президент болып сайланды. 5 маусымда Қазақстанда Атазаңға өзгерістер енгізу мақсатымен референдум өткізілді. Қаңтар айында Қазақстанда туылған оқиғалар аталмыш референдум және президенттік сайлаудың өтуіне себеп болды.

Тәжікстанның шабуылы себепті Тәжікстан-Қырғызстан шекарасында қыркүйек айында қақтығыс туылып, ондаған адам қаза тапты. Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында протест ереуілдері өткізілді. Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараларды белгілеу тақырыбында келісімге келгендерін хабарлады.

2022 жылы 22 желтоқсанда Қазақстан мен Өзбекстан тарихи бірлік келісіміне қол қойды. Аталмыш келісім Түркі Республикаларының тоғысуы тұрғысынан өте маңызды болып табылады.

2022 жылы Оңтүстік Кавказда бейбітшіліктің орнауы және Қарабахты қайта құру үшін маңызды қадамдар басылды. Еуропа елдері Оңтүстік Кавказ, әсіресе Әзербайжанмен қарым-қатынастарды дамыту үшін келісімдер жасасты. Әзербайжан Еуропа Одағы елдеріне энергия тасымалдауды екі есе көбейтеді.

2022 жылы Еуразия Экономикалық Ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы сияқты аймақтық ұйымдардың кезекті жиналыстары өткізілді. 24 қарашада Арменияның астанасы Ереванда өткен Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы саммитінің қорытынды баяндамасына Армения премьер-министрі Никол Пашинян қол қоймады.

16-18 маусым арасында Баку қаласында 9-шы Жаһандық Баку форумы өткізілді. 29 маусымда Ашхабад қаласында 6-шы Каспий елдері Президенттер саммиті өтті. 21 шілдеде Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында Орталық Азия Республикалары президенттерінің 4-ші жиналысы өткізілді. 13 қазанда Астана қаласында 6-шы Азия Ынтымақтастық және Сенім арттыратын шаралар конференциясының саммиті ұйымдастырылды.

10-11 қарашада Самарқанд қаласында Түрік Мемлекеттері Ұйымының 9-шы саммиті өтті. Саммитте Солтүстік Кипр Түрік Республикасының ұйымға бақылаушы мүше болуы қабылданды.

14 желтоқсанда Түрікменстанның Аваза туризм аймағында Әзербайжан, Түркия және Түрікменстан президенттерінің үштік саммиті өткізілді.

Қорыта айтқанда, 2022 жылы Еуразия географиясы әлемнің күн тәртібін белгілеген аймаққа айналды.



Ұқсас жаңалықтар