Еуразия географиясында болған басты оқиғалар

Еуразия күн тәртібі – 18-2022

1925826
Еуразия географиясында болған басты оқиғалар

Бүгінгі бағдарламамызда Еуразия географиясында өткен аптада болған басты оқиғаларға тоқталамыз.

Түркі Республикаларының болашағына байланысты өткен аптада маңызды оқиғалар болды. Қазақстан мен Өзбекстан бірлік келісіміне қол қойды. 2022 жылы 21-22 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. Әуежайда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қасым-Жомарт Тоқаевті өзі күтіп алды. Кездесулерден кейін «Өзбекстан-Қазақстан Бірлік келісімі» мен «Өзбекстан-Қазақстан Мемлекеттік шекараны белгілеу келісіміне» қол қойылды. Ташкентте екі ел арасында 17 келісім жасалды. Президенттер ортақ жобаларды бірге бастады. Екі ел арасында үкіметаралық және парламенттер арасындағы қағидаларды қалыптастыруға шешім қабылданды. Сапар аясында 21 желтоқсанда Өзбекстан-Қазақстан Аймақтар арасындағы бизнес форумы өткізілді. Шығыста Өзбекстан мен Қазақстан, батыста Әзербайжан мен Түркия өзара тату ынтымақтастық үлгісін көрсетуде. Бұл әсіресе Түрік Мемлекеттері Ұйымының және Түркі әлемінің күшеюіне үлкен есе қосады.

2022 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан президенті Тоқаев Түрік Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Қуанышбек Өмірәлиевті қабылдады. Кездесуде ұйымның жұмыстары қолға алынды. Ұйымның 10-шы саммиті 2023 жылы Қазақстанда ұйымдастырылады.

Түркия мен Қазақстан президенттері 18 желтоқсанда Әлем Футбол турнирінің финал матчы үшін барған Катарда бас қосты. Кездесуде екі жақтылы қарым-қатынастарға байланысты тақырыптар талқыланды.

Түркі мемлекеттерінің күшеюі кейбір елдерді алаңдатуда. Кремль әкімшілігі өткен жылы Татарстан басшысының «президент» атағын қолдануын шектеді. Осыған орай Татарстан Республика Мәжілісі «президенттің» орнына орысшадағы «төраға» атағын қолданудан бас тартып, «Елбасы-көсем» атағын қолдануды ұсыныс етті. Көсем атауы араб елдерінде ел басшысы үшін қолданылады.

Еуразия географиясында өткен апта болған оқиғалар арасында Сауд Арабиясына байланыстылары назар аударды. 2022 жылы 18 желтоқсанда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан-Сауд Арабиясы Үкіметтерарасы ортақ комиссиясының тең төрағасы, Сауд Арабиясы Инвестиция министрі Халил бин Абдулазиз төрағалығындағы Сауд Арабиясы делегациясын қабылдады. Кездесуде екі жақтылы қарым-қатынас тақырыптары қолға алынды.

2022 жылы 19 желтоқсанда Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхаммедов астана Ашхабадта еліне іссапармен келген Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Файсал бин Ферханды қабылдады. Кездесуде екі жақтылы қарым-қатынастарға байланысты тақырыптар қолға алынды. Сыртқы істер министрі Файсал бин Ферхан түрікмен әріптесі Рашид Мередовпен кеңес жиналысын өткізді және Сауд Арабиясының жаңа елшілік ғимаратының тұсауы кесілді.

2022 жылы 21 желтоқсанда Грузия премьер-министрі Иракли Гарибашвили Сауд Арабиясына сапарлай барды. Премьер-министр Иракли Гарибашвили астана Риядта мұрагер Ханзада Мұхаммед бин Салманмен кездесті. Кездесуде экономика, туризм, қатынас және инвестиция салаларындағы қарым-қатынастар талқыланды.

Қорыта айтқанда, Түркі Республикалары тұрғысынан өткен апта өте маңызды оқиғалар болды. Қазақстан мен Өзбекстан тарихи бірлік келісімін жасасты.



Ұқсас жаңалықтар