Әлемдегі ең ұзын тас көпірдің Түркияда екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 17

1923400
Әлемдегі ең ұзын тас көпірдің Түркияда екенін білетін бе едіңіз?

Әлемдегі ең ұзын тас көпірдің Түркияда екенін білетін бе едіңіз?  

Түркияның Грекия және Болгария шекарасында орналасқан Эдирнедегі Эргене өзенінің үстіне 15-ші ғасырда салынған «Ұзынкөпрү» әлемдегі ең ұзын тас көпір атағына ие. Осман империясының алтыншы патшасы Сұлтан II. Мұрат 1427-1443 жылдар аралығында салғызған «Ұзынкөпрү» ұзындығы 1270 метрден асатын және 174 аркамен әлемдегі ең ұзын тас көпір болып табылады.  

Әктас пен травертин кесінділерімен салынған бұл керемет көпірде Орталық Азиядан Балқанға дейінгі кең географияда әртүрлі мәдениетті біріктірген Осман империясының өнері мен эстетикалық түсінігінің мотивтері де орын алады. Көпірдің аяқтары және арка тіреуіштерінде күш белгісі кейбір жануарлардың бейнелері мен өсімдік өрнектері бар. Мұндағы жануарлардың бірі арыстанның артында Айды бейнелейтін әйел басы назар аударады. Екінші жағында болса күш пен ұзақ ғұмырдың символы болып қабылданатын пілдің бейнесі байқалады.  

Бұл монументалды су құрылымы қолданылатын материалды таңдау, аяқтарды орналастыру, арка қашықтығын анықтау, биіктік беткейлерін есептеудегі инженерлік білімнің арқасында ұзындығына қарамастан қатал табиғи жағдайларға алты ғасырға жуық уақыттан бері төзіп келеді. Бүгінгі күнге дейін қолданыла келген көпірдің биіктігі екі жарым метр, ені төрт жарым метрлік үшбұрышты тарихи бағанасы мен екі балконы бар.  

2015 жылы ЮНЕСКО Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енген «Ұзынкөпрүге» зиян келтірмеу үшін содан бері ауыр көліктердің өтуіне рұқсат етілмейді.



Ұқсас жаңалықтар