Йозгат Араб сорпасы

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 16-2022

1920945
Йозгат Араб сорпасы

Йозгат Араб сорпасы

Тіркелу уақыты:  14.03.2011

Түркияның ішкі Анадолы аймағына орналасқан Йозгат - ет және қамыр тағамдарымен әйгілі қала. Қаланың атақты тағамы «Йозгат Араб сорпасы» Йозгат Қала әкімшілігінің өтініші бойынша 2011 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына қосылды.

«Йозгат Араб сорпасын» өзге сорпалардан айырған басты ерекшелігі оның нанмен емес, шикі қамырды шайнамай жұту арқылы ішілуі болып табылады. Қыстың суық күндерінде көп қонақ күткен кезде пісірілетін сорпа үшін малдың етінің орнына тауық, қаз немесе күркетауық еті таңдалады. Сорпа істеген кезде алдымен ет қайнатылады, піскен соң ұсақтап туралады. Екінші бір қазанда бес қасық ұн құрғақ қуырылып, аздап су қосылып, қоймалжың күйге келтіріледі. Басқа бір қазанда сарымайға қызанақ шырыны, тұз, қызыл, қара бұрыш қосылып қуырылады. Оған 4-5 шыны сорпамен бірге 3 литр су құйылады. Сорпа қайнай бастағанда қуырылған ұн сорпаға аздап қосылады. Сорпаға туралған ет араластырылып, тағы 5-10 минут қайнатылады. Сонымен бірге 2 литр су мен бидай ұны араластырылып, қайнатылады және сұйық күйге келтіріледі. Ыстық күйінде табаққа құйылған қамыр суытылады. Қамыр суығаннан кейін ұсақ және үш бұрышты етіп кесіледі. Табақтың ортасы сорпа шынысы сиятындай ашылып, ашылған жерге шыныдағы «Араб сорпасы» қойылады. Табақтың шетіндегі қамырды қасықпен алып, сорпамен бірге шайнамай жұтады.  



Ұқсас жаңалықтар