Түркияның қызанақпен өте кеш танысқанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 16

1920936
Түркияның қызанақпен өте кеш танысқанын білетін бе едіңіз?

Қызанақ өндірісінде әлемдегі санаулы елдердің бірі Түркияның қызанақпен өте кеш танысқанын білетін бе едіңіз? 

Оңтүстік және Орталық Американың батыс жағалауындағы биік таулардан шыққан қызанақ Америка ашылғаннан кейін төрт ғасырдың ішінде бүкіл әлемге таралады, ең көп өсірілетін өсімдіктердің біріне айналады. 

Қызанақ Еуропаға сәндік өсімдік ретінде әкелінеді. 16-ғасырға дейін асханаларға кірмейді. Өйткені оның қызыл жидектері улы деп есептеледі. Османлы асханасына енуі үшін тағы екі ғасыр өтеді. Анадолыда қызанақ туралы алғашқы жазбалар 1723 жылы сарайдың шығын жазбаларында кездеседі. Османлы асханасына енген алғашқы қызанақтар шие түріндегі «чары/чери» қызанақтары болған. 

Алғашында «шервиль алмасы» аталып, тек қызармай тұрып тұтынылатын қызанақ долма мен сорпа түрінде дастарханда өз орнын алады.

Түсі қызарған кезде бүлінді деп есептеліп, қоқысқа тасталған. Қызыл қызанақтардың кеңінен таралуы 19-ғасырға дейін созылады. Біраз уақыттан кейін қызанақ Османлы асханасының таптырмас өнімдерінің біріне айналады. 

Халық Османлы сарайынан қоқыс жәшігіне лақтырылған қызыл қызанақтарды жинап, бұзылған деп есептейтін бұл жемісті ұсақтап, тұзбен араластырып жеуге жарамды етеді. Расталмағанмен томат пастасы түрік асханасына осылай енген деседі. 

Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Адана мен Фракияда басталған қызанақ өндірісі қысқа уақытта бүкіл Түркияға тарады. Бүгінгі таңда қызанақ түрік аспаздық мәдениетінің ажырамас дәмі болып табылады және Түркия әлемдегі ең үлкен қызанақ өндіруші елдердің бірі болып табылады. 



Ұқсас жаңалықтар