Хаккари Кирис Тағамы

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 15-2022

1918450
Хаккари Кирис Тағамы

Хаккари Кирис Тағамы

Тіркелу уақыты:  19.12.2017

Түркияның Иран мен Ирак шекарасының тоғысқан жеріндегі аймаққа орналасқан Хаккари қаласына тән «Кирис тағамы» әсіресе мәуліт, той немесе ас беру сияқты көп адам қатысатын шараларда ұсынылатын етті тамақ. Хаккари Аспаздар және тәтті-дәмділер қауымдастығының өтініші бойынша 2017 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енген «Кирис тамағы» ұзақ тарихқа ие.

Сүйекті ет, тартылған ет, булгур, күріш, ноқат, пияз және қызанақ шырыны қосылған тағамның ең маңызды ерекшелігі - тәтті және әртүрлі дәмділігін арттыратын мейіз бен жаңғақтың қосылуы. Тамақты дайындағанда алдымен майсыз еттен котлет жасалады, артынан күріш, ноқат, жүзім, жаңғақ, сүйекті ет және сумах қосылып, бөлік-бөлек қайнатылады. Үлкен қазанда пиаз бен қызанақ шырыны қуырылады, оған алдын ала дайындалған күріш, ноқат, жүзім, жаңғақ пен котлет қосылады. Тамақты ақырын араластырып, жылы су мен тұз қосылады және баяу отта 45 минут қайнатылады. Осыдан кейін қайнатылған судан сүзілген сумах тамаққа қосылып, тағы 5 минут пісіріледі. «Хаккари Кирис тамағы» көп қонақ келгенде қасына жұқа шелпек, пияз және айранмен бірге ұсынылады. 



Ұқсас жаңалықтар