Ғылыми медицинаның Анадолыда дүниеге келгенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 15

1917513
Ғылыми медицинаның Анадолыда дүниеге келгенін білетін бе едіңіз?

Ғылыми медицинаның Анадолы жерінде дүниеге келгенін білетін бе едіңіз?

 

Эгей мен Жерорта теңізінің түйіскен жері Батыс Анадолыда қазір «Датча түбегі» деп аталатын Книдос тарихтағы алғашқы медициналық мектептің құрылған жері ретінде белгілі.

Біздің дәуірімізге дейінгі 700-ші жылдардағы медицинаның ғылыми кезеңі деп сипатталған Книдостың дәл қарсы алдында медицинаның атасы болып есептелетін Гиппократ дүниеге келген Кос аралы орын алады.

Книдос медициналық орталығы мен мектебі ашылғаннан кейінгі ғасырларда даңқы мен ықпалын жалғастырды. Книдоста туып-өскен дәрігерлер Анадолы, Иран және Македонияда билік еткен көптеген мемлекеттердің сарайларында арнайы денсаулық сақтау қызметкерлері болып жұмыс істеді.

Ал неліктен Датча? Аңыз бойынша Книдосты билеген Кария патшасының қызын жылан шағып алады, оны ешкім емдей алмайды. Балықшы қызды әкесінен үйренген жергілікті шөптерден дайындалған жақпамен ажалдан аман алып қалады. Патша олар тұратын елдердегі барлық гүлдердің, шөптердің, балдырлардың зерттеліп, олардан дәрі-дәрмек жасалуын талап етеді. Тарихтағы алғашқы ғылыми медициналық қадам сол күні басылған деседі.

Біздің заманымызға дейінгі 64-ші жылы өмір сүрген атақты географ Страбон болса Книдос, яғни Датча туралы «Тәңір ұзақ және дені сау өмір сүргісі келетін құлдарын осында жібереді» деген.

Датча түбегі «Ерекше қоршаған ортаны қорғау аймағы» ретінде тіркелгендіктен бұзылмаған табиғаты, 235 шақырым жағалауы, 52 шығанағы, бай флора және фаунасымен шын мәнінде ем беретін бір ғаламшар жұмағы болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар