Синоп Боябат Шашлығы

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 14-2022

1914454
Синоп Боябат Шашлығы

Синоп Боябат Шашлығы

Тіркелу уақыты:  28.09.2020 

Түркияның Қаратеңіз жағалауындағы Синоп қаласының Боябат ауданына тән «Синоп Боябат Шашлығы» 2020 жылы Синоп ауданы Сауда және өнеркәсіп басқармасының өтінішімен Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері арасына қосылды. «Синоп Боябат шашлығы» - «Каракая» аталған қозы етінен табиғи тұз ғана қосылып пісірілетін тамақ түрі. Үйтілетін қозының сол күні сойылып, екі сағат ішінде пешке салынуы өте маңызды. Үйту алдында ішек-қарны шығарылған қозының ішіне жартас тұзы себіледі. Жіңішке ұшы мойнынан шығарылатын екі метрлік таяққа ілінген қозының төрт аяғы байланады. Қозының алдыңғы аяқтары буынынан кесіліп, кеуденің бостығына салынады. «Тығу» аталған осы жұмыстан кейін қозының қарны шыбықпен түйреледі. Осы кезде тас ошаққа қарағай отыны жағылады. Шашлыққа арналған қозы қақталған кезде бастабында от баяу жағылып, артынан көбейтіледі. Қозы қақталған кезде аққан майын құю үшін астына табақ қойылады. Аққан май қозы пісуге жақындағанда әрі жұмсауы, әрі қызаруы үшін кеудесіне құйылады.

«Синоп Боябат шашлығын» үйту уақыты орташа қозы үшін төрт сағат жалғасады. Қозы пісуге жақындағанда қарнының жарық жерінен аққан тұзды су бір ыдысқа құйылып, қозының сыртына төгіледі. Осы арқылы әрі ет тәтті болады, әрі тұз салудың қажеті қалмайды. Қозыны оттан алғаннан кейін біраз демделеді. Дәстүрлі түрде салқын желінетін шашлыққа дәмдендіргіш қосудың қажеті жоқ, қызанақ және пияз қосылып ұсынылады.

 



Ұқсас жаңалықтар