Алахан монастыры

Анадолының тұңғыштары - 13

1912953
Алахан монастыры

Әлем діндер тарихына бағыт берген оқиғаларға куә болған Анадолы. Христиандық жаңа дін ретінде ортаға шыққанда жаңа дінге сенушілер Иерусалим және Римде зұлымдыққа ұшырайды. Анадолы болса қысым мен зұлымдықтан қашқандарға кішіпейілділікпен құшақ жаяды.  Осылайша алғашқы христиандар әрі аман қалу,  әрі өздері сенетін дінді еркін ұстану үшін, әрі осы дінді тарату үшін Анадолыға келіп қоныстанады. Христиандықтың тарауында маңызды ролі болған Әзіз Павел мен христиандықтың танымал тұлғаларының бірі Әзіз Барнабас - Анадолыға келген алғашқы көсбасшылар.

Әзіз Павел мен Әзіз Барнабас Анадолыны аралап, христиан дінін жайған кезде, сапарлары барысында көптеген жерге түнейді.  Артынан олар қонып кеткен жерлерге шіркеулер салынады.  Мерсиннің Мут ауданындағы Алахан монастыры да осындай жерлердің бірі.  Гөксу сайының тік бөктеріне салынған монастырь кешені бұл жер. Алахан монастыры бірі құлаған екі шіркеу, жартастарға ойылған бөлмелер, шоқындыру орны мен қабірлерден тұрады.  Монастырьдың кереметтігі соншалықты әлемге танымал жиһангез Евлия Челеби бұл жерді «Шебердің қолынан жаңа шыққандай» деп баяндайды.

Алахан монастыры Каппадокияның оңтүстік батыс аймағында орналасқан.  Осы жерлерде де дәл Каппадокияда болғаны секілді кейбірі табиғи, кейбірі адам қолымен жартастарға ойылған үңгірлер кездеседі. Осы аймақта дін үшін қолданылған басқа монастырьлар да болған.  Бірақ Алахан монастыры маңызды және көркем ғимараттарымен басқа монастырьлар арасында алға шығады. Христиандардың қажылық жолы бойында және монастырьдің өзі де қажылық орталығы ретінде қабылданады. Діни рәсімдерге мекен болған монастырь күнделікті тұрмыста қолданылған бөлмелері, ғибадат орындарымен назар аударады.

Алахан монастыры – христиандық нанымының өте құнды және керемет әсем ғибадатханаларының бірі.  1300 метр биіктікке салынған монастырьдың бірі шығыста, бірі батыста екі түрлі шіркеуі бар.  Шіркеулер Айя-Софиямен бірдей архитектуралық ерекшеліктерге ие.  Сондықтан «Мерсиннің Айя-Софиясы» деп аталады. Кейбір зерттеушілер ғимараттардағы Иса пайғамбардың аспанға көтерілу сахналары мен биік жерге салынуына байланысты монастырь Әзірет Исаға арналған деп айтады.

Алахан монастыры тас шеберлігімен назар аударады.  Монастырь қабырғалары Қасиетті кітапта айтылған хикаялармен безенген.  Қабырғалар Інжілден сахналар, ақырған арыстан, бүркіт, балық, жүзім және жапырақтармен безенген.

Монастырьдың ең маңызды және көркем ғимараты – Күмбезді шіркеу деп те аталатын Шығыс Шіркеуі.  Шіркеу төртбұрышты жоспар бойынша салынған. Күмбезінен басқа жерлері мықты. Барлық жерлері оюланған. Шамамен 1500 жыл бұрын салынған монастырьдың мемориалды қақпасы бүгінге дейін қирамай жеткен.

Алахан монастырының басқа бір назар аударатын жері – қабірлері.  Жартасқа ойылған қабірлерде монастырьдің дін қайраткерлері көмілген.

Монастырь ерте кезең христиан өнерінде және Византия архитектура тарихында маңызды орынға ие.  Қолданылған түрлі әдістері,  тас шеберлігі мен керемет оюларымен Алахан монастыры кешені бүгінгі таңда ЮНЕСКО Әлемдік мәдени мұрасының уақытша тізімінде тұр.

Алахан монастыры – бір кездері шегілген қиыншылықтардың куәгері. Жүздеген жыл бұрын христиан қажыларға қақпасын айқара ашқан осы монастырь бүгінгі күні де келушілердің назарынан тыс қалмайды. Тавр тауларының бөктеріндегі тұғыры және керемет панорамасымен көрген адамды сиқырлап алады. Нақыштармен безенген шіркеуі, шоқындыру орны, бағаналы жолы,  жартас қабірлері, қонатын жерлерімен таңғалдырады.



Ұқсас жаңалықтар