Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы саммиті өтті

Еуразия күн тәртібі – 14-2022

1913620
Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы саммиті өтті

Бүгінгі бағдарламамызда Арменияда өткен Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы саммиті мен ұйымның болашағына тоқталамыз.

2022 жылы 24 қарашада Арменияның астанасы Ереванда Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы саммиті ұйымдастырылды. Саммитке Беларусь, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан лидерлері қатысты. Саммитте күн тәртіптегі аймақтық және халықаралық мәселелер, ұйымның күн тәртібіндегі тақырыптар мен ынтымақтастық мүмкіндіктері қолға алынды. Армения премьер-министрі Никол Пашинян саммиттің қорытынды құжатында Әзербайжанды шабуылшы ел ретінде атауды сұраған еді. Басқа елдер мұны қабылдамағандықтан Пашинян протест ретінде құжатқа қол қоюдан бас тартты. Осы мәселе ұйымның болашағына қандай әсер ететіні күн тәртіпке келді.

Армениядағы кейбір тараптар Әзербайжан-Армения соғысында ұйымның жәрдем көрсетпегенін сылтауратып, Арменияның Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан шығуын талап етті. Саммит өткізілген күні Ереван көшелерінде Ресей мен ұйымға қарсы протесттер жасалды. Қазіргі шарттарда Арменияның ұйымнан кетуі мүмкін емес. Өйткені Армения Ресейдің бейбітшілік күшіне мұқтаж. Премьер-министр Пашинянның саммиттегі протестінің ішкі саясатқа бағытталғанын айтуға болады.

Саммит соңында Қазақстан Президенттік сарайының интернет парақшасында 2023 жылы 1 қаңтардан бастап ұйымның Бас хатшылығына бұрынғы премьер-министр Иманғали Тасмағамбетовтың келетіні мәліметі бөлісілді. Бұл жағдай Арменияның ұйымнан сұраған қолдауын ала алмайтынын, Қарабах мәселесіне байланысты ұйымның тұғырының жалғасатынын көрсетеді. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев саммит алдындағы мәлімдемесінде Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымында Әзербайжанның Армениядан тіпті көп досы бар екенін жариялаған болатын. Ресей Арменияның арқа тірегі болуға талпынса да, Қарабах мәселесінде Әзербайжан мен Түркияға қарсы келмейтіні айқын.

Беларусь президенті Александр Лукашенко саммиттегі сөзінде ұйымның тағдыры Ресейдің Украинадағы арнайы операцияның табысына тәуелді екенін, Ресей жеңілген жағдайда ұйымның да құлдырайтынын айтты. Ресейдің лидерлігінде аймақтық қауіпсіздікті сақтау мақсатымен құрылған ұйымның болашағы шынында да Ресейдің жағдайымен тікелей байланысты екені күмәнсіз. Өткен 30 жылда Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы айтарлықтай табысқа жете алмады. Қырғызстан-Тәжікстан, Қырғызстан-Өзбекстан, Әзербайжан-Армения шекара мәселелерінде ұйым өзінің салмағын көрсетіп, мәселелерді шешуге есе қоса алған жоқ.

Бастабында ұйымға мүше елдер саны тоғыз болатын, кейін алтыға азайды. Қазіргі жағдайда ұйымның кеңеюі де мүмкін емес көрінеді.

Украина мен Ресей соғысында Беларусьтан басқа мүше елдер Ресейдің Украинадағы «әскери операциясын» қолдайтын мәлімдемелер жасамады.

Өткен қаңтар айында Қазақстанда болған оқиғаларда ұйымның бейбітшілік күші Қазақстандағы жағдайды тыныштыруға есе қосты. Осы жағдай ұйым тарихындағы маңызды оқиға болып табылады. Алайда осы табыстың өзі НАТО ерекшелігіндегі халықаралық қауіпсіздік ұйымына айналудың орнына, аймақтық полиция күші мәртебесінде екенін көрсетіп отыр.



Ұқсас жаңалықтар