Байбурт Сүт Бәліші

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 12-2022

1909578
Байбурт Сүт Бәліші

Тіркелу уақыты:  11.01.2021 

Сүт бәліші-Түркияның Қаратеңіз және Шығыс Анадолы аймақтарының тоғысқан жеріндегі Байбурт қаласына тән және жұқа жазылған қамырдан жасалып, үстіне шәрбәт құйылатын дәмді тағам. Байбурт қала әкімшілігінің өтінішіне сай 2021 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына тіркелді.

Бәлішті жасау үшін сүт, сарымай, жұмыртқа және ұнмен иленген қамыр қолданылады. Тынған қамырдың арасына ұн себіліп, 15 жұқа шелпек жазылады. Темір табаққа салынған жұқа қамырының арасына қуырылған жаңғақтарды сеуіп, үстіне сарымай құйып, үлкен үшбұрышты тілімдерге кесіп, 1800 градустағы пеште 20-25 минут пісіреді. Ошақтан шығарылғаннан кейін бәліштің артық майы сүзіледі. Сүт пен шекерді араластырып, қайнатылған шәрбәт қоюланған соң суытылып бәліштің үстіне құйылады. Байбурт сүт бәліші тым қатты да, тым жұмсақ та емес, қытырлақ және дәмді келеді. Іші ақшыл-сарғыш бәліштің беті піскенде қызарады. Жергілікті аймақтарда әсіресе мереке-мейрам кезінде, тойда және қонақ келгенде ұсынылады.   



Ұқсас жаңалықтар