Самарқандта ТМҰ саммиті өтті

Еуразия күн тәртібі – 12-2022

1908281
Самарқандта ТМҰ саммиті өтті

Бүгінгі бағдарламамызда Самарқанд қаласында өткен Түрік Мемлекеттері Ұйымы саммитіне тоқталамыз.

Түрік Мемлекеттері Ұйымының (ТМҰ) кезекті саммиті 2022 жылдың 10-11 қараша күндері арасында Самарқанд қаласында «Түрік өркениетінің жаңа дәуірі: Бірлескен даму мен өркендеу жолында» деген тақырыппен ұйымдастырылды. Өзбекстан президенті Шавкад Мирзиеев үй иесі болған саммитке Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Венгрия, Өзбекстан, Түркия және Түрікменстан лидерлері қатысты.

Саммитке қатысу үшін 10 қараша күні Самарқандқа барған лидерлер арасында екі жақтылы кездесулер өткізілді. Осы аяда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Өзбекстан президенті Шавкад Мирзиеевпен кездесті. Кездесу соңында Өзбекстан президенті тарапынан Ердоғанға «Ең жоғарғы деңгейдегі Имам Бухари ордені» берілді.

2022 жылы 11 қарашада Түрік Мемлекеттері Ұйымы саммиті өтті. Түркі Республикалары лидерлерінен тыс Түркі әлемінің ортақ ұйымдары Түрік Мемлекеттері Ұйымы, Түріксой, ТүрікПа, Халықаралық Түрік академиясы, Түрік Мәдениеті мен мұралары қорының Бас хатшылары да саммитке қатысты.

Саммит соңында «Самарқанд хаттамасы» қабылданды. Ұйымның бес жылдық стратегиясы мақұлданды. Саммитте жасалған маңызды бір шешім Солтүстік Кипр Түрік Республикасының ұйымға бақылаушы мүше ретінде қабылдануы болды. Осылайша СКТР-ның танылуы үшін Түрік Республикалары тарапынан алғашқы қадам басылды. Сонымен бірге сауда, экономика, қатынас, кеден, цифрландыру салаларында келісімдерге қол қойылды.

Саммитте Самарқанд қаласы Түркі әлемінің «Мәдени астанасы» деп жарияланды. Әзербайжанның Шемахи қаласы Түркі әлемінің 2023 жылғы «Туристік астанасы» болып сайланды. Түркі әлемінің ортақ әліпби қолдануы тақырыбында келісім жасалды. Өзбекстан Түріксой ұйымына толық мүше болу процесін аяқтады.

Ұйымның жаңа Бас хатшысы болып Қырғызстан Республикасының Түркиядағы өкілетті елшісі Кубанышбек Өмірәлиев сайланды. Бұрынғы бас хатшы Бағдат Әміреев Түрік Мемлекеттері Ұйымы шаңырағы астында құрылған Түрік Инвестиция қорының төрағалығына сайланды. Түрік Инвестиция қорының құрылуы ұйымның болашағы, Түркі әлемінің тоғысуы тұрғысынан өте маңызды болмақ. Самарқандтағы саммитте Халықаралық Түрік академиясының төрағалығы міндетіне Шахин Мұстафаев тағайындалды.

Түрік Мемлекеттері Ұйымының Әлішер Науаи атындағы сыйлығы Шыңғыс Айтматовқа берілді. Сыйлықты Қырғызстан президенті Садыр Жапаров алды. Президент Режеп Тайып Ердоған мен Түркіменстан Парламентінің төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхамедовқа Түркі әлемінің дамуына қосқан үлесі үшін «Түркі әлемінің Әли атындағы ең жоғары марапаты» берілді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саммиттегі сөзінде медианың күшін ортақ пайдалануды және Астанада ұйымның цифрлық орталығын құруды ұсыныс етті. Аталмыш салаларда Түрік Мемлекеттері Ұйымының бастамашылығында жобалар жасалады.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Самарқандта Түркі Республикаларынан басқа аймақтарда тұратын түркі текті халықтардың құқығын қорғауды күн тәртіпке әкелді. Әлемнің түкпір-түкпірінде өмір сүретін түркі текті халықтардың ең басты қорғаушысы Түрік Мемлекеттері Ұйымы және ұйымға мүше елдер болуға тиісті.

Қорыта айтқанда, Самарқанд қаласында өткізілген Түрік Мемлекеттері Ұйымы саммиті табысқа жетіп, саммитте Түркі Республикаларының болашағына байланысты маңызды шешімдер қабылданды.



Ұқсас жаңалықтар