Біріккен Араб Әмірліктері мен Еуразия елдері жақындасуда

Еуразия күн тәртібі – 11-2022

1905370
Біріккен Араб Әмірліктері мен Еуразия елдері жақындасуда

Бүгінгі бағдарламамызда Біріккен Араб Әмірліктерінің Еуразия географиясындағы елдермен қарым-қатынасына тоқталамыз.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Еуразия географиясындағы елдермен қарым-қатынасының соңғы жылдарда жақсарғаны байқалуда. Өзара сапарлар және Біріккен Араб Әмірліктерінің Еуразия географиясындағы мәселелерге қаратқан тұғыры назар аударады. Алдымен соңғы кездегі өзара сапарларға тоқталайық.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2022 жылы 30 қазан мен 1 қараша арасында Біріккен Араб Әмірліктеріне іс сапармен барды. 31 қазанда президент Садыр Жапаров Біріккен Араб Әмірліктерінің басшысы Мұхаммед бен Заид әл-Нахайянмен кездесті. Кездесуде екі жақтылы қарым-қатынастар мен аймақтық тақырыптарда көзқарас алмастырылды. Кездесу соңында 8 келісімге қол қойылды. Тараптар арасында бір миллиард 200 миллион долларлық ортақ холдинг құру жөніндегі хаттамаға келісім жасалды. Дубаи мен Ош қалалары арасындағы ұшақ рейстері қайта басталды.

2022 жылы 31 қазанда Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды. Сол күні Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Біріккен Араб Әмірліктерінің басшысы Мұхаммед бен Заид әл-Нахайянмен кездесті. Кездесуде екі жақтылы қарым-қатынастарға байланысты мәселелер талқыланды. Тараптар арасында еркін сауда келісіміне қол қою тақырыптары қолға алынды.

2022 жылы 3-4 қараша арасында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Әбу-Дабиде Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрі Абдулла бен Заид әл-Нахянмен кездесті. Кездесуде екі жақтылы қарым-қатынастар, Украина дағдарысын қамтыған түрліше тақырыптар талқыланды.

Ескерте кетейік, Біріккен Араб Әмірліктерінің басшысы Мұхаммед бен Заид әл-Нахайян қазан айында Ресейге сапарлай барған болатын.

Әбу-Дабидегі Түрікменстан елшілігі президент Сердар Бердімұхамедовтың қараша айында Біріккен Араб Әмірліктеріне баратынын хабарлады.

Жалпы алғанда араб елдерінің Еуразия географиясындағы елдермен қарым-қатынастарының дамып келе жатқанын айтуға болады. 2022 жылы 7 қыркүйекте Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Парсы шығанағы Араб Мемлекеттері ынтымақтастығы бірінші кеңесіне мүше мемлекеттер мен Орталық Азия елдері Сыртқы істер министрлерінің Стратегиялық ынтымақтастық жиналысы өтті. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 2022 жылдың 1 қарашасында Алжир Халықтық Демократиялық Республикасына бір күндік сапармен барып, Араб Елдері одағының 31-ші саммитіне құрметті қонақ ретінде қатысты. Бірінші Парсы шығанағы Араб Мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесі мен Орталық Азия елдері Экономика форумы 2023 жылы маусым айында Қазақстанда өткізіледі.

Араб елдері арасында Біріккен Араб Әмірліктері Еуразия елдерімен қарым-қатынастарын дамыту үшін басқан қадамдарымен назар аударуда. 2022 жылы 16 қыркүйекте Самарқанд қаласында өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитінде Біріккен Араб Әмірліктеріне диалог ортағы мәртебесі берілді.

Біріккен Араб Әмірліктері Ресей мен Украина арасындағы тұтқын алмастыруда маңызды рөл атқарды. Біріккен Араб Әмірліктері Украина дағдарысында жасырын бітімгер ел ретінде көрсетілуде.

Қорыта айтқанда, Біріккен Араб Әмірліктерінің Еуразия географиясына қызығушылығы артып келеді.



Ұқсас жаңалықтар