Шарль Мишель Қазақстан мен Өзбекстанға барды

Еуразия күн тәртібі – 10-2022

1902077
Шарль Мишель Қазақстан мен Өзбекстанға барды

Бүгінгі бағдарламамызда Орталық Азия және Еуропа Одағы саммиті мен Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Шарль Мишельдің Өзбекстанға сапарына тоқталамыз.

2022 жылы 27 қазан күні Қазақстанның елордасы Астана қаласында 1-ші Орталық Азия және Еуропа Одағы лидерлер саммиті өткізілді. Саммитке Орталық Азиядағы бес елдің лидері және Қазақстанға ресми сапармен барған Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Шарль Мишель қатысты. Кездесулерде Еуропа мен Орталық Азия аймақтары арасындағы ынтымақтастықты тың белеске көтеру мүмкіндіктері қолға алынды. Қатынас, жасыл экономика, сауда, инвестиция, Ресейге жасалған санкциялардың әсерлері, аймақтық қауіпсіздік тақырыптары талқыланды. Саммит соңында ортақ хаттама қабылданды.

Жиналыс аясында екі жақтылы кездесулер де өтті. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Шарль Мишель кездесуінен кейін төраға Шарль Мишель Қырғызстанның Еуропа Одағымен Кеңейтілген Ортақтық және Ынтымақтастық келісіміне қол қойылатынын білдірді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров және Шарль Мишель Қырғызстанның Қазақстандағы «Мәдениет күндері» іс-шараларына қатысты.

Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Шарль Мишель 27 қазанда Өзбекстанға сапарлай барды. 28 қазанда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Шарль Мишельмен кездесті. Кездесуде екі жақтылы қарым-қатынастар мен аймақтық ынтымақтастық тақырыптары қолға алынды. Кездесу соңында ортақ мәлімдеме жарияланды. Өзбекстанның Еуропа Одағымен Кеңейтілген Ортақтық және Ынтымақтастық келісімі атқаруға берілді. Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Шарль Мишель сапары аясында Еуропа Одағының Өзбекстан бөлімшесінің беташар рәсіміне қатысты. Төрағаның Өзбекстан сапары Самарқанды аралаумен аяқталды.

Айта кетерлік жағдай, 2022 жылы 17-18 қараша күндері Самарқандта Орталық Азия-Еуропа Одағы министрлер саммиті, Орталық Азия-Еуропа Одағы Жалғастыруға болатын өркендеу үшін Жаһандық қақпа Халықаралық конференциясы және Орталық Азия-Еуропа Одағы Жастар форумы ұйымдастырылады.

Сыртқы істер министрлері өресінде осының алдында өткізілген Орталық Азия-Еуропа Одағы жиналыстарының лидерлер өресіне көтерілуі өте маңызды. Орталық Азия елдерінен Қазақстан Еуроодақ елдерімен экономикалық қарым-қатынастарын жақсартты. Лидерлер саммиті арқылы аймақтағы басқа елдердің де Еуроодақ елдерімен байланыстарды жақсартуы үшін орай жаратылды. Соңғы жылдарда Өзбекстан Еуропа Одағымен қарым-қатынастарын жоғары деңгейге көтеру үшін мықты қадамдар басты. Түрік Мемлекеттері Ұйымының Будапешттегі офисінің ашылуымен жалпы алғанда Венгрия Орталық Азия елдері үшін Еуропаға ашылған қақпаға айналды.

Қатынас пен сыртқы сауда саласында әрі Еуропа Одағы, әрі Орталық Азия елдері өзара мұқтаж жағдайда. Ресей мен батыс соғысынан кейін бұл жағдай тіпті айқындала түсті. Астанадағы саммитте шығыс пен батыс қатынасында Каспий теңізін белсенді пайдалану тақырыбы күн тәртіпке келді. Аймақтар арасындағы сауда мөлшерінің артуы да жоспарлануда.

Қорыта айтқанда, Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Шарль Мишельдің Қазақстан мен Өзбекстанға сапары ойдағыдай өтті.



Ұқсас жаңалықтар