Ғарышта болу мемлекеттер үшін неліктен маңызды?
Қырғи қабақ соғыстың бір бөлігі болған ғарыштық бәсекелестік бүгінде қыза түсуде. Сонымен кім ғарышта жарысқысы келеді? Ғарышта болу неліктен маңызды?
Ғарышта болу мемлекеттер үшін неліктен маңызды?
«Ғарышты кім билесе, әлемді сол басқарады». Осы теорияға сүйене отырып, мемлекеттер жылдар бойы ғарышта орын алуға тырысып келеді.
61 жыл бұрын ғарышқа ұшты
Кеңес Одағының ғарышкері Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанына 61 жыл болды.
Ұзақ уақыт бойы АҚШ пен Кеңес Одағы арасындағы жарысқа сахна болған Ай NASA-ның «Артемида» ғарыш аппараты сапары шеңберінде тағы да алдыңғы орынға шықты.
«Артемида 1» ұшуы сәтті болса, NASA астронавттары 2024 жылы Айды айналып ұша алады. Ол 2025 жылы Айға қонуы мүмкін. «Артемида 1» миссиясындағы кейбір мәселелерге байланысты ұшыру күні 3-ші рет өзгертілді.
Соңғы жылдары ғарыштық шығындар күрт өсті
Соңғы жылдары елдердің, әсіресе Америка Құрама Штаттарының ғарыштық шығындары айтарлықтай өсті. Бұл жаңа ғарыштық жарыстың басталғанын білдіреді.
Ғарыштық инвестициялар
Ғарышпен тығыз байланыстағы спутниктік индустрияның жағдайы да назар аударатын басқа бір мәселе... Елдердің ғарыштық инвестициялары үшін осы салаға инвестиция салу өте маңызды. Маңыздылығы соншалықты, соңғы 10 жылда ол екі есе өсіп, 271 миллиард долларға жетті. Ең көп инвестиция салған ел – Америка Құрама Штаттары. Одан кейін Қытай мен Жапония келеді.
Ал елдердің ғарышта болуы неліктен маңызды? Мемлекеттердің ғарыштық бәсекелестігі алдағы кезеңде шиеленіс туғыза ма?
Зымыран ғалымы Ариф Карабейоғлу коммерциялық ғарыштың Америкада басталып, басқа батыс елдері мен Жапонияға тарағанын айтты.
“Коммерциялық компаниялар пайда табу және барлау мақсатында ғарышта кейбір операцияларды жасайды. Ғарыш туризмі бар, болашақта болуы мүмкін ғарыштық тау-кен жұмыстары бар және әлемді бақылау жұмыстары бар. Бұл іс-шаралардың барлығы іс жүзінде ғарышта коммерциялық ғарыш шеңберінде жүзеге асырылады” деді ол.
Түркияның ғарыштық зерттеулерінің жағдайы қандай?
Түркияның аяқталған немесе жалғасып жатқан көптеген жобалары бар. Белсенді байланыс спутниктерінің саны 8-ге дейін өсті. Түркия ғарышта коммуникациялық серіктері бар 30 елдің қатарына енді.
ITU аэронавтика және ғарыш ғылымдары кафедрасының оқытушысы Проф. Др. Алим Рүстем Аслан «Коммуникациялық спутник тақырыбында жұмыс істеп отырмыз, жерді бақылау спутнигі саласында істеп жатырмыз, ғылыми спутниктер бойынша жұмыстанудамыз, біз спутниктерді шетелге экспорттаудамыз. Дәл қазір бұл өте маңызды. Түркияның ұлттық ұшыру жүйесі жобасы бар. Ғарышқа қолжетімділік өте маңызды. Қалағаныңызша ғарыштық жүйелерді дамытыңыз. Егер сіз оны өзіңіз ғарышқа апара алмасаңыз немесе оны ғарышқа алып шығуға кепілдігің болмаса, бұл үлкен мәселе. Бұл жобалардың барлығы Түркияда бар" деді.
Ұқсас жаңалықтар
24 қараша – Мұғалімдер күні
Қоғамымыздың білім алуында үлкен жауапкершілігі бар мұғалімдеріміздің әрқашан жанындамыз.