Бүйрек үшін пайдалы ұсыныстар

«Денсаулық зор байлық» - 9

1901853
Бүйрек үшін пайдалы ұсыныстар

Бұл бағдарламамызда бүйрек үшін пайдалы ұсыныстарды тілге тиек етеміз. Бүйректердің жақсы жұмыс істеуі үшін денеңізге қолдау көрсететін ұсыныстар: 

1. Ақжелкен 

Ақжелкенді пісірілген күйде емес, шикі түрде тұтыну керек. Денеңіздің су балансын қамтамасыз ететін ақжелкенді күнделікті таңғы ас кезінде лимон сығып жеуге болады. 

2. Қырыққабат 

Қырыққабат бүйрекке елеулі зақым келтіру рискі бар еркін радикалдарды ыдыратуға көмектеседі. 

3. Қызыл және күлгін жидектер 

Құлпынай, мүкжидек, таңқурай және көкжидек сияқты жидектердің әр түрі бүйректеріңізге пайдалы. Бүйрек денсаулығын сақтау үшін таза, мұздатылған немесе кептірілген түрде тұтынуға болады. 

4. Асқабақ тұқымдары 

Оның құрамында темір мен мырыш өте көп. Денеге омега-3 әсері беретін асқабақ тұқымын қуырылмаған, шикі күйінде тұтыну керек. 

5. Балық 

Балықтың құрамында ағзадағы қабынуды азайтатын, сол арқылы бүйректі әртүрлі аурулардан қорғайтын омега-3 май қышқылдары бар. Балық сонымен қатар жоғары сапалы ақуыздың көзі болып табылады. 

Бүйрек үшін ең жақсы балық түрлері - лосось, форель, скумбрия, майшабақ және тунец. Бүйрек проблемаларын азайту үшін қуырылған балықтың орнына буға пісірілген немесе пісірілген балықты жеу керек. 

6. Қызыл алма 

Құрамындағы мол қоректік талшықтың арқасында бүйректердің сүзу функциясының сау түрде жалғасуын қамтамасыз етеді. 

Сонымен қатар, алма зәр шығару жолдарының инфекцияларының алдын алуға көмектеседі және осылайша бүйрек тастарының пайда болу қаупін азайтады.

7. Қара өрік 

Темірдің ағзаға сіңуіне көмектесетін қара өрік «А-В-С» дәруменіне өте бай. Бүйрек, жүрек және холестерин ауруларына да пайдалы. Ол метаболизмді жылдамдатады және жақсы антиоксидант болып табылады. 

8. Күріш 

Күріш пен күріш ботқасы бүйрек ауруларында жоғалған калорияның орнын толтыру, аурудың ағымын жақсарту және өмір сүру сапасын арттыру тұрғысынан өте маңызды. 

9. Асқабақ 

Асқабақты үккіштен өткізіп, салат жасау арқылы тұтыну керек. 

10. Жұмыртқаның ағы 

Жұмыртқаның ағы фосфордың төмен мөлшері мен жоғары сапалы ақуызға байланысты бүйрек ауруы бар адамдарға ұсынылады. Жұмыртқаның ағын омлет ретінде немесе сарыуызсыз қайнатып жеуге болады. 

11. Қалақай 

Қалақай шайы диуретикалық және ісінуді азайтатын қасиетке ие және ауруды жеңілдету арқылы бүйректің дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі. Күніне 1 кесе ішу жеткілікті. 

12. Зәйтүн майы 

Зәйтүн майы сіздің бүйректеріңізге пайдалы. Салқын сығылған зәйтүн майының құрамында кәдімгі зәйтүн майымен салыстырғанда жоғары мөлшерде антиоксидант бар. 

13. Сарымсақ 

Күн сайын аш қарынға шикі сарымсақтың 1-2 түйірін жеу денедегі қабынуды айтарлықтай азайтады. Тағамдарыңызға хош иіс пен дәм қосу және оның денсаулыққа пайдасын көру үшін жаңа піскен, консервіленген, ұсақталған немесе ұнтақталған сарымсақты тағамда қолдануға болады. 

14. Пияз 

Пияз бүйректі тазартуға көмектесетін күшті антиоксиданттарға толы. Осылайша бүйрекке байланысты көптеген денсаулық проблемаларының алдын алуға көмектеседі. Пиязды шикі түрде немесе пісіру арқылы жеуге болады. Шикі пияз бүйрек тасын табиғи жолмен емдеуге көмектеседі. 

15. Йогурт 

Кальцийге, D дәруменіне және пробиотиктерге бай тағамдардың бірі болып табылатын йогурт ең табиғи түрде жеген кезде бүйректің сау жұмыс істеуіне және тазартылуына ықпал етеді. Үйде дайындалған табиғи йогурттың бір тостағанын күніне бір немесе бірнеше рет жеңіл тамақ ретінде жеу керек. 

16. Қызыл болгар бұрышы 

Қызыл болгар бұрышы қандағы улы қалдықтарды ыдыратуға көмектеседі, сондықтан бүйрек денсаулығына ықпал етеді. Қызыл болгар бұрышын шикі, пісірілген, қуырылған немесе толтырып, диетаға қосуға болады. 

17. Лимон шырыны 

Лимон шырынын сығып ішу - әсіресе бүйректе тас ауруы бар адамдарға ұсынылатын әдістердің бірі. Жарты лимонның шырынын жаңадан сығып алғаннан кейін оны жылы су немесе балмен араластырып ішуге болады. 

18. Түсті қырыққабат 

Түсті қырыққабатты үнемі тұтынған кезде антиоксиданттық және антикоагулянттық қасиеттеріне байланысты қабынуды азайтады және холестерин деңгейін төмендетеді. 

Түсті қырыққабатты шикі күйінде де, буға пісірілген, қуырылған немесе пеште пісірген күйінде де жеуге болады. 

19. Қара зере майы 

Күн сайын таңертең және кешке бір шай қасық қара зире майын үнемі тұтынуға болады. 

Дайындаған: дәрігер Мехмет Учар 

 

 



Ұқсас жаңалықтар