Аспанға қарағанда жұлдыздардың орнына жер серіктерін көреміз бе?
Ұзақ қашықтықтағы спутниктер проблема болмаса да, интернет секілді қызметтер үшін орналастырылған жерге жақын жер серіктері ғылыми бақылаулар мен астрофотография үшін проблемаға айналуда.
Жер серіктері
Дүние жүзіндегі халық пен қалалар саны өсіп, Жер беті адамға толып жатқан кезде туындайтын мәселелердің бірі – жарық ластануы. Жарық ластануы нәтижесінде аспанның фондық жарықтығы артты. Нәтижесінде әсіресе үлкен мегаполистерде тұратындар үшін өте жарық жұлдыздар, шоқжұлдыздар, жақын маңдағы бірнеше планета мен Айдан басқа түнде жай көзге көрінетін аспан денелері қалған жоқ.
Бұлай болған соң мегаполистерде Құс жолын көру енді арман. Әсіресе спутниктік технологиялардың дамуы және жеке сектордың, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің де осы салаға кіруімен жаңа проблема пайда болды: спутниктік ластану.
Sputnik 1-тен қазіргі уақытқа дейін
Дүние жүзінде бүгінге дейін ұшырылған спутниктердің саны 11 мыңнан, орбиталық спутниктердің саны 7 мыңнан асты.
Бұл спутниктердің арасында 4 мыңы жұмыс істеп тұр. Қалғаны қоқыс ретінде құлатылуды күтіп тұр немесе ғарыш қоқысы ретінде қалған.
Кеңес Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) 1957 жылы «Sputnik 1» алғашқы жер серігін ұшырғаннан бері ғылыми зерттеулер, метеорология, байланыс және әскери мақсатта ғарышқа мыңдаған спутник жіберілді. Қазіргі уақытта АҚШ-тың 2 мың 27, Қытайдың 224, Ұлыбританияның 129, Ресейдің 83, Жапонияның 82 жер серігі бар.
Астероидтарды бақылау және суретке түсіру
Спутниктерден ең көп зардап шеккен екі сала астероид (метеорит) бақылаулары және аспан фотографиясы саласы болды. Әсіресе аспанды бақылауға қызығатын адамдар Жерге жақын жер серіктеріне байланысты қиындықтарға тап болады. Шара ретінде спутниктердің өту уақытын көрсететін бағдарламалық қамтамасыз ету, веб-сайттар және мобильді қосымшалар бар.
Дегенмен бұл мәселені әлі де шешу мүмкін емес, өйткені спутниктердің саны өте тез өсіп келеді. Илон Масктың «Starlink» жобасы бүкіл әлемді қамтитын интернет қызметі үшін бүкіл әлем төңірегіне мыңдаған спутник орналастыруға бағытталған.
Бұл обсерваториялық жұмыстарға да әсер етеді
Жақын қашықтықтағы спутниктер ғылыми бақылауларға да әсер етеді. Түркияның Ерзурум қаласында құрылысы жалғасып жатқан 4 метрлік алып телескоп сияқты маңызды телескоптармен аспан үздіксіз бақыланып отырады. Бұл бақылаудың кейбірі астероидтарға бағытталған. Жерге жақын орналасқан шағын астероидтар әлемнің әртүрлі нүктелерінде, әсіресе күн шыққанға дейін зерттеліп, олардың орбиталары есептеледі.
Астероид жерге жақыннан өте ме, әлде соқтығысады ма, бұлардың барлығы бақылау арқылы белгілі болады. Дегенмен жерге жақын жер серіктері де бұл бақылауларға теріс әсер етеді. АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармаcы (NASA) осы мақсат үшін Планетарлық қорғанысты үйлестіру кеңсесін (PDC0) құрды.
Проблемаларды шешу жолдарын іздеу жаһандық деңгейде де жалғасуда.
Ұқсас жаңалықтар
24 қараша – Мұғалімдер күні
Қоғамымыздың білім алуында үлкен жауапкершілігі бар мұғалімдеріміздің әрқашан жанындамыз.