Мардин

Анадолының тұңғыштары - 4

1885896
Мардин

Уақыт пен мекен түйсігіңіз еш өзгерді ме? Бір нәрсе сізге әрі таныс, әрі жат болып көрінді ме? Қазіргі уақытта өмір сүргеніңізді біле тұра өзіңізді өткенде секілді сезіндіңіз бе? Немесе бір кеште тұрған жеріңізден басқа бір елдің жарықтары сізге белгі берді ме? Ал көшеде жүрген кезде бір үйдің асханасының, залының астынан өттіңіз бе? Бәлкім бұлардың барлығы бір фильм сахнасы секілді болып көрінуі мүмкін сізге. Бірақ Анадолы жерінде сізді басқа уақытта басқаша мекендерге алып кететін бір қала бар: Мардин.

**

Сиқырлы уақыт қаласы – Мардин. Қәдім өркениеттер дамыған Месопотамияға биіктен қарайды. Тарихи қала орталығына қадам басқаннан бастап басқа бір әлемге келгендей боласыз. Ол тастан бір қала. Тастарына әр сәт тіл бітіп, сізге барлық нәрсені айтып беретіндей. Жердің бедерімен сәйкес үйлері, баспалдақты тар көшелері, базарлары, әр бұрышында тарих ізі табылатын бір қала Мардин. «Ертегі қала» деген атауға толықтай лайық.

Тарихқа бағыт берген Месопоматия мен Анадолы тоғысқан бір жерде орналасқан Мардин. Әрбір кезеңде өзгеше мәдениеттерге мекен болған. Қаланың өзіне тән аурасы адамды дереу ұстап алып, өзіне тартады. Бір мешіттің қасынан жүріп өтіп, тар көшелердің біріне кірген кезде бір ассириялық шіркеу шыға қалады алдыңыздан. Тастан салынған үйлердің қабырғасындағы суреттер, қақпа тоқпақтары, терезелеріндегі беземелер сізді басқа бір атмосфераға жетелейді.  Сондықтан Мардин - Иерусалим және Венециямен бірге толығымен “қорғауға алынған аймақ» деп жарияланған үш қаланың бірі.

Белгілі қала символы тысында Мардинде адам басқаша әлемде сезінеді өзін. Қаланың танымайтын адамдар тез адасатын, бір-бірімен астасып жатқан лабиринт секілді көшелері, сол көшелерде көпірлер қалыптастырған үйлердің бөлмелері, бұрын еш көрмеген нанымдар мен көптеген тосынсыйларға ашылады Мардиннің қақпалары.

**

Мардин бір бөктерге құрылған.  Мыңдаған жыл бойы өркениеттер тоғысқан жер болған.  Түріктер, ассириялықтар,  арабтар, езидилер бірге өмір сүреді.  Мұсылмандар, христиандар, күнге немесе Періште Тауысқа табынатындар.  Барлық нанымдарға құрмет көрсететін,  танымал және танымал емес нанымдар және ежелден келе жатқан мәдениеттермен қалыптасқан Мардин. Мәдениеттер, діндер, мекендер астасып жатқан қала.

Мардиннің мыңдаған жылдық қамалы да көруге тұрады.  Қамалдың етегіндегі Зинжирие медресесі де.  Соңғы Артук сұлтаны тарапынан салынған медресе мен дәрісханалармен қоса обсерватория ретінде де қолданылады.  Сондықтан қаланың ең биік жерлерінің біріне салынады. Орталықтан біраз алыста тұрған басқа бір медресе Мардиннің ең үлкен ғимараты – Касымие медресесі. Жиырмадан астам бөлмесі, мазар, мешіт, бұлақ және хауызымен бір кешен секілді салынған осы медресе тас шеберлігімен назар аударады. Адам баласының туылған кезінен өліміне дейінгі сапарын баяндайтын хауыз – философияның архитектураға айналған түрі.  Керемет Месопотамия панорамасы Касымие медресесінің терезесінен көз алдыңызға жайыла қалады.

Шехидие мешіті мұнарасындағы тас шеберлігі және керемет әшекейлерімен назар аударады. Ұлы Мешіт болса қаланың ең маңызды және ең байырғы ғибадатханасы.  9 ғасырлық осы мешіт -Анадолыдағы қос мұнаралы мешіттердің алғашқы үлгілерінің бірі.

Бүгінгі күні ассириялықтардың ең маңызды ғибадат орындарының бірі ретінде қабылданатын Дейрулзафаран немесе басқаша айтқанда Әзіз Хананьо Монастыры қаланың орталығынан біраз тысқарыда қалады. Отырған қалпында көмілген патриарх қабірлері бар Әзіздер үйі мен 4500 жылдық Күн храмымен де танымал.

**

Мардиннің біздің дәуірімізден сегіз мың жыл бұрынғыдан қалған тарихы Шумер, Вавилион, Урарту, Парсы, Рим, Эмеви, Артуклу және Османды дәуірлерін көрген.  Мың бір түн ертегілеріне ұқсас атмосферасы бар Мардиннің. Бәлкім Месопотамия жазығымен бірдей түстегі тастан салынған ғимараттары адамға осындай ой салады.  Бәлкім ежелгі өркениеттердің мыңдаған жыл бұрынғыдан құлағымызға сыбырлап айтқандары... Көп мәдениеттілігі, кішіпейілділігі, архитектуралық құрылымы мен дәстүрлері адамды құшақтап алады.  Сөйтіп қиял әлеміне жетелейді.

Басқа әлемге куә болатын, көшелерінде адам адасатын, тарихты сезінетін Мардин құпиясын бөлісу үшін бізді күтеді.



Ұқсас жаңалықтар