Түркі әлемі БҰҰ-н реформалауды қалайды

Еуразия күн тәртібі – 05

1887016
Түркі әлемі БҰҰ-н реформалауды қалайды

Бүгінгі бағдарламамызда Түркі Республикалары лидерлерінің Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 77-ші Жалпы Кеңесінде тілге тиек еткен мәселелері мен ұсыныстарына тоқталамыз.

2022 жылы 20 қыркүйекте Нью-Йоркта Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 77-ші Жалпы Кеңесінің жоғары дәрежелі жұмыстары басталды. 20-26 қыркүйек арасында БҰҰ-на мүше елдердің лидерлері мен делегация төрағалары БҰҰ Жалпы Кеңесінде баяндама жасады. Қазақстан, Қырғызстан және Түркия Республикаларының лидерлері Біріккен Ұлттар Ұйымының 77-ші Жалпы Кеңесінде 20 қыркүйек күні сөз сөйледі. Түркі Республикалары лидерлерінің баяндамалары Украина соғысы, шекара мәселелері, аймақтық қауіпсіздік және климат өзгерістерімен күрес, БҰҰ-на реформа жасау тақырыптарынан құралды. Түркі Республикалары лидерлері Нью-Йоркта маңызды екі жақтылы кездесулер де өткізді.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымының 77-ші Жалпы Кеңесіндегі сөзінде Түркияның Украина дағдарысын шешу үшін барлық жолды сынағанын және жұмысты жалғастырып жатқанын, астық дәлізі арқылы жаһандық дағдарыстың алды алынғанын айтты. Президент Ердоған Оңтүстік Кавказда бейбітшілік орнату үшін тарихи орай жаратылғанын, мұсылман ұйғыр түріктерінің негізгі құқығы мен еркіндіктерін қорғау үшін талпынғанын, Солтүстік Кипр Түрік Республикасын ресми тану керектігін, климат өзгерістерімен күрес тақырыбында Париж келісімін мақұлдағандарын білдірді. Президент Ердоған босқындар дағдарысына да назар аударды және БҰҰ-ның қайта құрылуы керектігін баса дәріптеді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 19-21 қыркүйек арасында Нью-Йоркта болды. Президент Тоқаев БҰҰ Жалпы Кеңесіндегі баяндамасында БҰҰ-на реформа жасалуы керектігін, әлемде ядролық қаруларды қолдану қаупі туылғанын, ядролық қаруларды жоюды қолдайтындарын білдірді және Халықаралық Биологиялық Агенттік құруды ұсыныс етті. Тоқаев Ауғанстан халқына гуманитарлық жәрдем жеткізу үшін Алматыда БҰҰ Аймақтық орталығын құру ұсынысын қайталады.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров БҰҰ Жалпы Кеңесіндегі баяндамасында Өзбекстанмен шекараны анықтау жұмыстары аяқталу алдында екенін, Тәжікстанның 14-16 қыркүйекте Қырғызстанға көлемді шабуыл жасау арқылы екі жақтылы келісімдерді бұзғанын, осыған қарамай шекара мәселелерін келісім жасау жолымен шешуді қалайтындарын білдірді. Президент Жапаров Орталық Азияда аймақтық тұтастық және қатынас желілерін кеңейту, жасыл экономиканы дамыту тақырыптарына тоқталды.

БҰҰ Жалпы Кеңесі аясында 22 қыркүйекте C5+1 Орталық Азия мен Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлері жиналысы өтті. Жиналыста Ауғанстанның болашағы, аймақтық және халықаралық қауіпсіздік, екі жақтылы қарым-қатынастар мәселелері талқыланды. 

БҰҰ Жалпы Кеңесінің кезекті төрағалығы міндетін Венгриядан Чаба Карри жүргізіп отыр. Осының алдында Түркиядан Волкан Бозкыр атқарған болатын. Оқиғалардан байқалғанындай, соңғы жылдарда Түркі Республикаларының БҰҰ және басқа халықаралық саясат саласындағы салмағы артуда. Түркі Республикалары лидерлері үшін БҰҰ маңызды бір саяси платформа болып табылады. БҰҰ-ның қайтадан құрылуы Түркі Республикалары тұрғысынан өте пайдалы болмақ.



Ұқсас жаңалықтар