Шанлыурфа Чи көфтесі

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 04

1885885
Шанлыурфа Чи көфтесі

Тіркелу уақыты:  31.05.2006 

Түркияның Оңтүстік-шығыс Анадолы аймағында орналасқан және «Пайғамбар қаласы» аталған Шанлыурфа - Чи көфте (шикі котлет мағынасына келеді) тамағымен танымал қала. Шанлыурфа Чи көфтесі Шанлыурфа Сауда және өнеркәсіп палатасының өтінішімен 2006 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енді.

Чи көфте - арнайы қалайыланған мыс легенде қолмен илеу арқылы жасалған тағам. Ең алдымен қалаға тән кептірілген изот бұрышы, майдалап туралған пияз, тұз, кептірілген даршын, қара бұрыш, қалампыр мыс ыдыста иленеді. Артынан осы иленген қамырға ұсақтап туралған қойдың майсыз еті мен жарты шыны суық су қосылып, қайта иленеді. Сонымен бірге көфте (котлет) жасауға арналған ұсақ булгур легендегі қоспаға аздап-аздап қосылады. 15 минут иленгеннен кейін аз мөлшерде су мен қызанақ езбесі қосылады. Дәмін тату арқылы піскеніне көзіңіз жеткеннен кейін суық су немесе мұз қосып, жұмсарту керек.

Соңында майдалап туралған көк пияз бен ақжелкен қосылады да қоспа аз уақыт тағы иленеді, дайын болған соң салат жапырақтарымен бірге кішкене бөліктерге бөлінгеннен кейін тарелкаларға салынып, қонақтарға ұсынылады. Шанлыурфа Чи көфтесімен бірге салқын айран ішіледі.



Ұқсас жаңалықтар