ШЫҰ саммиті Самарқандта өтті
Еуразия күн тәртібі – 04

Бүгінгі бағдарламамызда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы лидерлер саммитіне тоқталамыз.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы лидерлерінің 22-ші саммиті 2022 жылы 15-16 қыркүйекте Самарқанд қаласында өтті. Саммитке Әзербайжан, Беларусь, Қытай, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Түрікменстан қатарлы 14 елдің лидерлері және Түрік Мемлекеттер Ұйымы, ТҮРКСОЙ, Түрік Академиясы, Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы қатарлы 10 ұйымның бас хатшылары қатысты. Саммитке қонаққа шақырылған Армения премьер-министрі Никол Пашинян Самарқандқа келуден бас тартты. 15 қыркүйек күні кеште лидерлер саммитке арнап ағаш отырғызды және бейресми кездесулер өткізді.
16 қыркүйек күні Жібек Жолы Самарқанд Халықаралық Туризм аймағы конгресс орталығында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитінің шағын және көлемді жиналыстары өткізілді. Саммит алдында Иран Ислам Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына толық мүшеліктің жолын ашатын хаттамаға қол қойды. Саммитте Кувейт, Бахрейн, Мальдив, Біріккен Араб Әмірліктері және Мьянмаға диалог ортағы мәртебесі берілді. 14 қыркүйекте Мысыр және Катармен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына диалог ортағы мәртебесі берілуіне байланысты келісім жасалды. Самарқандта Беларусьтің ұйымға толық мүшелік процесін бастауға шешім қабылданды.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитіне тұңғыш рет қатысты. Президент Ердоған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымымен барлық салада жұмыстануға дайын тұрғандарын айтты. Владимир Путин «Ердоғанды Самарқандтағы саммитте көргеніме қуаныштымын. Түркия осы аймақтағы ел, менің қарауымша, Түркияның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымымен жұмыстануға қызығуы табиғи жағдай» деді.
Саммит соңында «Самарқанд хаттамасы» қабылданды. Хаттамада аймақтық қауіпсіздік, Ауғанстандағы жағдай, атомдық қарусыздануды жалғастыру, пандемиямен күрес қатарлы тақырыптар орын алды. Саммит соңында 44 келісім жасалды.
Саммит аясында екі жақтылы келісімдер де жасалды. 14 қыркүйекте Өзбекстанға ресми сапармен барған Иран президенті Ибрахим Реиси мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев оңаша бас қосты. Кездесуден кейін екі ел арасында 18 келісімге қол қойылды. Ресей президенті Владимир Путин мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Самарқандтағы саммитте өткізген кездесуде «Толығымен бекітілген стратегиялық серіктестік туралы мәлімдемеге» қол қойды. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен Қытай басшысы Си Цзиньпин арасындағы кездесуден кейін екі ел арасында 15 келісімге қол қойылды. Қытай мен Өзбекстан арасында 15 миллиард долларлық келісім жасалғаны білдірілді.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Қытай басшысы Си Цзиньпин арасындағы кездесуден кейін екі ел арасында 4 келісімге қол қойылды. Сонымен бірге Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай темір жолы жобасы келісіміне осы елдердің Қатынас министрлері тарапынан қол қойылды.
Қорыта айтқанда, Өзбекстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының кезекті төрағалығын және Самарқанд саммитін табыспен орындады. Келісімдерден байқалғанындай, Өзбекстан жұмыстарының өнімін жинады.
Айта кетерлік жағдай, ұйымға мүше елдер лидерлерінің саммитте сол кезеңде туылған Әзербайжан-Армения, Қырғызстан-Тәжікстан шекара қақтығыстарын елемеуі ұйымның атағына көлеңке түсірді.