Дальян лагунасы және Каунос

Анадолының тұңғыштары - 3

1883326
Дальян лагунасы және Каунос

Дальян лагунасы және Каунос

Бір жас қыз пәктігінен айрылып қалмау үшін дафния ағашына айналады, өз сұлулығына ғашық болған бір жігіт наргис гүлі ретінде өмір сүреді. Жас әйелдің сүйіктісі үшін төккен көзінің жасы лагунаға айналады. Грек мифологиясында табиғаттың, табиғат құбылыстарының және өсімдіктердің пайда болуы жайлы көптеген хикая айтылады.  Біз бүгін бір табиғат кереметі, мифологияға қарағанда көздің жасынан қалыптасқан Дальян Көйжегиз лагунасы туралы айтып береміз.

**

Милет патшасының бір қыз, бір ұлы болады. Егіз бауырлар бір-бірін қатты жақсы көреді. Осы сүйіспеншіліктің заңсыз махаббатқа айналуынан қорыққан інісі Каунос (Кавн) елден кетіп қалады. Қарындасы Библис биік төбеге шығып, жылай бастайды. Жылап жылап, көзінің жасы таусылғанда, сол төбеден секіріп кетеді. Міне, мифологияға қарағанда, Дальяндағы лагуна Библистің көз жастарынан құралған.

Каунос барған жеріне өз атымен аталатын бір қала құрады.  Мифологиялық хикаяда аты аталатын осы қала ежелгі дәуірде Жерорта теңізіне жағасы болған Каунос қаласы. Бүгінгі күні Мугланың бір ауылы болып табылатын Дальян бар осы қаланың орнында. Каунос бір шығанақта құрылады.  Бірақ уақыт өте келе Дальян өзенінің аллювийлері шығанақтың аузын толтырып тастайды.  Осының нәтижесінде қала теңізден бөлінеді.  Міне, Көйжегиз-Дальян лагуна жүйесі негізінде осылай қалыптасқан.  Әлемнің ең күрделі жеті лагуна жүйесінің бірі ретінде қабылданады. Көйжегиз көлі мен Жерорта теңізі арасындағы осы алаң – өте ерекше.  Теңіз бен көл жапсарлас тұрған алаң қамыстармен қапталған каналдардан тұрады. Лабиринтке ұқсас керемет көрінісі және көптеген жанды түріне мекен болған экожүйесімен тамаша жер осы лагуналар. Осы жандылардың бірі – тұқымы таусылуға қараған каретта каретта тасбақалары. Олардың ата мекені осы жер. Теңіз бен көл бірлескен жердегі Изтузу жағажайы – каретта каретта тасбақаларының өмір сүру алаңы. Олар осы жерде жұмыртқалайды. Осы жерде жаралы тасқабалардың емі және сақталуы үшін құрылған орталық жұмыс істейді. Бұл жер – Түркияның тұңғыш және жалғыз «Теңіз тасбақаларын зерттеу және реабилитация орталығы». Орталықта ерікті кісілер жұмыс істейді. Тасбақаларға байланысты түрлі ғылыми зерттеу жобалары жүргізіледі.

**

Дальян – тек ерекше лагуна жүйесі және каретта каретталарымен ғана емес,  сонымен бірге жартас қабірлерімен де әлемге танымал жер.  Жартас қабірлері Каунос ежелгі қаласында. Ежелгі дәуірлерде маңызды портты қала болған Каунос бүгінгі күні ЮНЕСКО Әлемдік мұрасының уақытша тізімінде тұр. Ежелгі қаладағы театр, стоа,  агора,  монша, қорған және храм қалдықтары Кауностың маңызы мен үлкендігін көрсетеді.  Жартастарға ойылған керемет қабірлері болса адамды басқа бір уақыт пен басқаша әлемге жетелейді. Каунос патшалары құдайға жақын болу үшін қабірлерін биік және тік жартастарға ойғызып салғызған.  Ликия жартас қабірлеріне ұқсаса да, археологтар осы қабірлердің Кауносқа тән екенін айтады. 2400 жылдық осы қабірлерге құрлық арқылы жету мүмкін емес.  Тек қайықпен жақын жеріне ғана баруға болады.  Жағасына жеткеннен кейін де қабірлерді көру үшін бір километрлік қиын өрмелеу жолынан өту керек болады.  Бірақ қабірлердің ішіне кіруге тыйым салынған.  Сондықтан көбі қабірлердің Эллиндік храмдарға ұқсас көріністерін теңізден тамашалауды таңдайды. Ағаштардың жасыл түсі теңіздің көк түсіне түскен бір тамаша жерден осы қабірлерді көру адамдарды таңғалдырады.

Дальян жерінің кереметтігі соншалықты барлық жерінен тосын сый шығады адамның алдынан. Осылардың бірі - әлемге әйгілі балшық моншасы.  Құрамында жоғары миналдер бар осы балшық ревматизм, тері ауруларына пайдалы деп айтылады. Адамның терісіндегі әжімдерді емдейтіні айтылады. Сондықтан жыл сайын мыңдаған турист осы жерге келеді.

Дальян туралы айтылатын нәрсе өте көп. Бірақ Анадолы археологиясындағы тұңғыш тақырып туралы айтпай кетуге болмайды. Каунос тұздығы.   Осы тұзды алаңда ежелгі дәуірде оқ жасауда қолданылған «Каунос тұзының» өндірілгені белгілі.

**

Теңіз бен көл бір-бірімен жапсарлас тұрған Дальян лагуна жүйесінде теңдесі жоқ жәндіктер өмір сүреді. Жоғарыдан қарағанда кейбір адамдар бұл жерді оюға ұқсатады.  Кейбірі түрлі сызықтарға.  Кейбірі лабиринтке ұқсатады.  Інжір мен шырша ағаштарынан тарайтын керемет иіске теңізден келген иіс араласады. Осы иіс адамды мифологиялық хикаялар баяндалған сол қәдім дәуірлерге апарады.

 

Бір ұшы көл, бір ұшы теңізбен астасып жатқан лагуналары, бөктерлерді әшекейлеп тұрған жартас қабірлері, ежелгі қала қалдықтары, каретта каретта тасбақалары және балшық моншасымен атағы шыққан Дальян туралы айтып бердік.



Ұқсас жаңалықтар