ЕСКИШЕХИР ШИБӨРЕГІ

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері -2

1879850
ЕСКИШЕХИР ШИБӨРЕГІ

 

ТІРКЕЛУ КҮНІ:  19.04.2010 

 

Түркияның Орталық Анадолы аймағында орналасқан Ескишехир уалаятының әйгілі шибөрек өнімі 2010 жылы Ескишехир Сауда палатасының өтініші бойынша Түркияның географиялық тіркелген өнімдерінің тізіміне енді.

Шибөрек үшін тек ұн, су және тұздан тұратын қамыр дайындалады. Біраз тыныққаннан кейін қамырды шағындап жаяды. Шибөректің салмасы тартылған сиыр етін, пиязды, тұзды, суды және қара бұрышты қуыру арқылы дайындалады. Салманы жұқалап шеңбер түрінде жайылған қамырдың жартысына салады. Қамырдың қалған бөлігін салма салынған жағына жауып, шетін жабады.  Шибөрек жарты айға ұқсайды. Содан кейін шибөректі екі жағы қызарғанға дейін (25-30 секунд) қатты қыздырылған майға қуырады. Ыстықтай  берілетін шөберекті қолмен жеу керек.


Этикеттер: #Ескишехир , #шибөрек

Ұқсас жаңалықтар