Инсулинге қарсылықты табиғи түрде емдеу

Денсаулық зор байлық - 2

1879834
Инсулинге қарсылықты табиғи түрде емдеу

Біздің бүгінгі тақырыбымыз  - инсулинге қарсылықты табиғи емдеу.

 

* Алма сірке суы

Алма сірке суы тамақтан кейін инсулин мен қандағы қанттың көтерілуіне жол бермейді. Алма сірке суы көмірсуларға бай тағамдарды тұтынғаннан кейін жоғары инсулин деңгейін болдырмауға көмектеседі. Сірке суы инсулиннің тиімділігін арттыру, инсулиннің әрекет етуіне көбірек уақыт беру және асқазаннан тағамның шығуын кешіктіру арқылы инсулинге сезімталдықты арттыруға көмектеседі.

* Ақ қырыққабат

Ақ қырыққабаттың 7  жапырағын қайнатып, салқындатыңыз. Салқындатылған қырыққабаттығ суын ағызып алыңыз. Осы қырыққабат жапырағы шырынынан бір стакан тамақтанар алдында немесе кейін күйде ішіңіз. Жылы күйде тұтынғанда ол өз әсерін көрсетеді. Бұл емді 15 күн бойы қолдану керек. Артынан 3 күн үзіліс жасап, 5 күн үзбей ішу керек.

* Жасмин гүлі

Күні бойы бір кесе жасмин шайын ішу арқылы сіз аш қарынға қант деңгейін қалыпқа келтіруіңізге болады. Таңғы астан  30 минут кейін ішу тиімдірек болады. Жасмин шайы - инсулинге қарсылықты шөппен емдеудің тиімді тәсілдерінің бірі.

* Мелисса

Күнде таңертең оянғанда, таңғы асқа шай қайнағанша мелисса емдік шөбінің шайын ішу керек. Мелисса шайы уақыт өте келе инсулинге қарсылықты жоюға көмектеседі.

* Бақажапырақ

Инсулин үшін бақажапырақ деп аталатын өсімдіктің шайын дайындауға болады. Бұл шайды кешкі астан  30 минуттан кейін ішсеңіз, инсулинге қарсылықты жоюға көмектеседі.

* Қара зире

Қант диабетімен күресте қара зире ұйқы безінің регенерациясын қолдау арқылы қант диабетін алдын алуға әсер ететіні көрсетілген.

* Даршын

Даршын – денсаулыққа пайдалы тамаша дәмдеуіш. Дені сау адамдарда және инсулинге қарсылығы бар адамдарда жүргізілген зерттеулер даршынды тұтыну инсулинге сезімталдықты арттыра отырып, оның деңгейін төмендететінін дәлелдеді. Даршын глюкозаның жасушаларға тасымалдануын жоғарылату арқылы инсулинге сезімталдықты жақсартуға көмектеседі және тіпті қандағы қантты қабылдауды арттыру үшін инсулиннің орнына да өте алады.

Күніне бір шай қасық (2 грамм) даршын инсулин деңгейін төмендетеді.

Қолданылуы болса былай: күн сайын жарты литр суға 1 таяқ даршын қосып, күндіз ішу керек.

* Көк шай

Көк шай - өте пайдалы сусын және құрамында өте жоғары антиоксидант болады. Әртүрлі зерттеулер оның инсулинге қарсылық ауруымен күресуге көмектесетінін көрсетеді.

Көк шай инсулинге қарсылық және қант диабетімен ауыратын адамдар үшін өте жақсы, өйткені ол сау инсулин деңгейін сақтауға көмектеседі.

* Зәйтүн жапырағы

Ол инсулин секрециясын және инсулинді қайта қабылдауды арттырады.

Қолдану үшін 15 дана зәйтүн жапырағын 250 мл ыстық суда демдеу керек.  Оны күндіз ішу керек.

Шай рецептінің үлгісі:

Керек нәрселер:

• 1 таяқ даршын

• 1 шай қасық көк шай

• 1 шай қасық зәйтүн жапырақтары

Дайындалуы: керек нәрселерді шыныаяққа салыңыз. Үстінен  250 миллилитр қайнаған су құйыңыз. 10 минут тұрғаннан кейін іше беріңіз. Күніне 3-4 кесе ішуге болады.

* Қалақай

Қандағы қанттың сіңуін азайтады. Сондай-ақ ұйқы безінен инсулин секрециясын арттырады.

Қолданылуы: Жаңа қалақай жапырақтарын зәйтүн майымен пісіріп жеуге болады.  Кептірілген түрін шай ретінде қайнатуға болады. 1 стакан суға 1 шай қасық қосып, 10 минут демдеңіз. Артынан іше беруге болады.

* Сумак

Ол қандағы инсулин деңгейін теңестіреді. Осы қасиетінің арқасында инсулинге қарсылық және қант диабетімен ауыратындар тұтынуы керек тағамдардың қатарыне енеді.

* Шамбала өсімдігінің тұқымы

Бұл тұқымдар талшыққа бай, ол инсулиннің тиімдірек болуына көмектеседі. Инсулин деңгейін төмендету және қандағы қантты реттеу үшін қолданылады.

Олар сонымен қатар асқазанның босатылуын кешіктіреді.

Қолданылуы: 4 қасық йогуртқа 1 ас қасық қосып ішу керек.

* Куркума

Куркумин деп аталатын белсенді ингредиентінің арқасында куркума күшті қабынуға қарсы қолданылады және антиоксиданттық қасиеттерге ие. Ол қандағы бос май қышқылдары мен қантты азайту арқылы глюкоза деңгейін реттеуге көмектеседі.

* Зімбір

Бұл дәмдеуіш инсулинге қарсылығы жоғары адамдар үшін өте қолайлы, өйткені оның белсенді ингредиенттері бұлшықет жасушаларындағы қант рецепторларын қолдануға ыңғайлы жағдайға келтіреді.

* Сарымсақ

Ол қандағы қант деңгейін айтарлықтай төмендетеді.

Др. Мехмет Учар                                                                                                                  



Ұқсас жаңалықтар