Құстар үшін арнайы салынған үйлер

Анадолының тұңғыштары - 1

1877871
Құстар үшін арнайы салынған үйлер

«Қала дегенің адамдардан басқа не?» дейді Шекспир. Себебі қалалар адамдармен ғана бар.  Алайда қала құрылысы адамдардың табиғаттан алыстап кетуіне себеп болды. Тұрғын үйлер, жұмыс орындары, жолдар салып,  жасыл алаңға аз ғана жер қалды. Табиғи алаңдарынан айрылған көптеген жанды түрі де қаланы тастап кетеді және өздеріне басқа мекен іздейді.  Мекендері тартып алынбаған жалғыз құстар шығар.  Әрине қала тұрмысы олар үшін де өзгеріс алып келді, бірақ олар әлі де өз еркімен ұшып,  қалаған жерге қонуда азат. Себебі олардың мекені -  аспан.

Ал қараңғы түскенде құстар қайда барады? деп ойланып көрдіңіз бе? Олардың да үйлері бар ма? Сенімді түрде өмір сүре ме? Ағаш тесіктеріне кіре ме? Әлде бұтақтарда түней ме? Бүгін сіздерге Анадолыдағы өте ерекше құс сарайлары және құс үйлері туралы айтып береміз.

Құс үйлері адамдардың мейірім деген сезімге ие болмыс екенін көрсететін бір мысал.  Кішкентай жанды түрін қауіп-қатерден қорғау үшін оларға баспана жасап беру – ұждан және мейірім сезімдерінің нәтижесі емей немене? Көгершіндер үшін алғашқы үйлердің біздің дәуірімізден сегіз ғасыр бұрын жартастан ойып жасалғаны белгілі. Жазбаша құжаттарда Месопотамияда құс үйлерінің болғаны айтылады. Артынан түрлі ел мен мәдениеттерде құс үйлері байқалады.  Кейбір зерттеушілер осы ғимараттарды жоғары сананың көрсеткіші деп есептейді.  Эллиндік және Рим дәуірінде мұнара секілді көгершін ұялары салынған.  Түркістанда Арыстан Баб мазары, Пәкістанда Лахор қамалы, Үндістанда Агра қамалы мен Қызыл қамал, Тәж Махалда құс ұялары кездеседі.  Бірақ біз Анадолыда салынған құс үйлері туралы айтып береміз.

Жоғарыда айтылғандай, әлемдегі басқа өркениеттер де құстар үшін ұя салады.  Алайда Анадолыдағы құс үйлері олардан өзгеше. Басқа мәдениеттерде болғаны секілді құс аулау немесе олардан пайдалану үшін салынбайды бұл үйлер.  Тек құстардың қонуы үшін салынады. Яғни мақсаты да өзгеше. Құс үйлері осы территорияда адамдар өмір сүретін жерлердің миниатуралары секілді салынады. Ғимарат қабырғаларына архитектуралық макет секілді шеберлікпен салынады. Сондықтан көбіне «құс сарайы» деп аталады.

1900 жылдардың басында Анадолыға келген батыстық саяхатшылар немесе осында міндет атқарған дипломаттар жануарларға, әсіресе құстарға деген ықыласқа қайран болады.  Итальян жазушы Эдмондо Амикис өз естеліктерінде Стамбулда падишалар және азаматтар бағатын сансыз көгершін бар екенін жазады. Ол түріктердің құстарды асырайтынын атап көрсетеді. Неміс маршал Гелмут вон Молтке Үскүдарда мысықтарға бөлінген мысық ауруханасы, Беязытта көгершіндер үшін күтім үйлері бар екенін жазады. Француз жиһангез Жан де Тевено көп адамның базардан құс сатып алып,  оларды еркін жіберетінін таң қалып жазады.

Құс үйлерінің алғашқы үлгілері Селчук дәуірінде 13-ғасырда салынған ғимараттарда кездеседі.  Жазбаша құжаттарда Сивастағы Шифаие медресесі құс үйі кездесетін алғашқы ғимарат ретінде көрсетілген.  Осман дәуірінде мықты фонд дәстүрінің арқасында құс үйлері кең тарайды. Сол кездегі бас қала Стамбулда ерекше мәнге ие болады. Сарай, мешіт, медресе, керуенсарай, монша, көпір, синагога, бұлақтар мен үйлерде... қысқасы адам үшін салынған қанша ғимарат болса, барлығында құс үйі кездеседі.  Құс үйлері құстар үшін сенімді, желден пана болатын қабырғаға салынады. Жел соқпайтын ық, күн күйдірмейтін көлеңке, қатты салқын болмайтын жерлер таңдалып салынады. Оның үстіне сол ғимараттың архитектуралық ерекшелігін бұзбайтын, бірдей ерекшелікте қылып салынады.

Анадолы тұрғындары өздері салған ғимараттың бір шетіне жануарлар су ішетін шағын жерлер жасайды.  Барлық жанды түрлеріне назар аударады. Бурсада бір ғимарат бар.  Өзі салынған дәуірде әлемде ондай ғимарат болмаған.  19-ғасырда ақ дегелектер үшін салынған осы ғимарат әлемдегі тұңғыш жануар ауруханасы ретінде белгілі. Осы ғимаратта қанаты сынған дегелектер мен көшпенді құстарға күтім жасалған. Көп жылдардан кейін ғимарат тастап кетілген, 2010 жылы қайта ашылып, бұл жолы иесіз жануарларға қызмет бере бастайды.

**

Бір-бір макет үй секілді көрінетін құс үйлері  - шеберлік пен эстетиканың бейнесі. Сонымен бірге адамдық мейірімнің бір көрсеткіші. Жүздеген жыл бұрын құстар үшін салынған осы үйлер бүгін ұмытылған басқаша әлемді еске салады. Адамдардың есіне табиғатпен дос болуымыз керектігін салады. Алайда өкініштісі заманауи тұрмыс бұрынғы сыпайылық пен мейірімділікті жоғалтып алуымызға себеп болады.



Ұқсас жаңалықтар